ІІ. Өткен тақырып бойынша сұрақтар: Кулонның иірілмелі таразымен жүргізген тәжірибесінің мәні неде?
Кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңды анықтайтын формуланы жазыңдар.
Қандай зарядты нүктелік деп атайды?
Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Электр өрісі – электрмагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегі магнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Э. ө-нің магнит өрісінен өзгешелігі – ол қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Э. ө-нің бар екендігін оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға болады. Электр өрісінің кернеулігі – Э. ө-нің сандық сипаттамасы болып табылады.