|
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.1 А Жылу құбылыстары.
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақ тақырыбы
|
Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру және тұрмыс пен техникада жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;
|
Сабақ мақсаттары
|
Жылу берілудің түрлерін ажырата білу;
Жылу берілудің тұрмыс пен техникадағы маңызын түсіну;
Жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдану.
|
Бағалау критерийлері
|
Жылу берілудің түрлерін ажырата біледі;
Жылу берілудің тұрмыс пен техникадағы маңызын түсінеді;
Жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:.
Жылу берілу, жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Жылу берілу
|
Теплопередача
|
Heat transfer
|
Жылуөткізгіштік
|
Теплопроводность
|
Conduction
|
Конвекция
|
Конвекция
|
Convection
|
Сәуле шығару
|
Излучение
|
Radiation
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Жылуөткізгіштік деп...айтады.
Конвекция деп...айтады.
Сәуле шығару деп...айтады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік Ел «жалпыұлттық идеясының құндылықтары/ рухани жаңғыру»
"Мәңгілік Ел" жалпыға ортақ еңбек қоғамы: топтардағы жұмыс, басқа оқушылардың пікірін бағалау және талдау.
Өмір бойы оқу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
География, химия, информатика
|
Бастапқы білім
|
Температура, дененің ішкі энергиясы, ішкі энергияның өзгеру тәсілдері.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңi:
Жағымды психологиялық ахуал туғызу : «Өзiңiзге тiлегендi – басқаларға тiлеңіз!» тренинг.
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында iшiнен өзiне бiр немесе бiрнеше iзгi тiлек тiлеу тапсырылады. Содан кейiн қатысушылар жұпқа бөлiнiп, бiр- бiрiнiң қолынан алып, жаңағы өзiне тiлегендi жұптасына айту керек.
«Жасырын сандар» әдісі бойынша оқушылар ортаға шығып карточкаларды таңдап, артындағы сандар бойынша топқа бөлінеді.
I-топ: Жылуөткізгіштік
II-топ: Конвекция
III-топ: Сәуле шығару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Бір минуттық әңгіме» әдісі бойынша мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, оқушылар қолын көтеріп жауап береді.
Ішкi энергия деп қандай шаманы айтады?
Ішкi энергия қандай физикалық шамаға тәуелдi өзгередi?
Ішкi энергияны қандай тәсiлдермен өзгертуге болады?
Жұмыс iстеу арқылы iшкi энергияны өзгертуге болатынын қандай тәжiрибелер растайды?
Жылу алмасу деп қандай процестi айтады және оның қандай түрлерi бар?
ҚБ: мұғалiмнiң мадақтауы.
|
Өте жақсы!
Жарайсың!
Жақсы!
Орташа!
Жеткілікті!
Қанағаттанарлық!
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ:
Әртүрлi температуралары бар денелер байланысқан кезде жылу алмасу, яғни жылу беру жүредi, нәтижесiнде денелер арасында жылулық тепе-теңдiгi орнайды.
Жылу берiлу әрдайым бiр бағытта: көбiрек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге қарай жүредi. Көбiрек қыздырылған дененің iшкi энергиясы кемидi, ал суығырақ дененің iшкi энергиясы артады.
Жылу берiлудiң үш түрi бар: жылуөткiзгiштiк, конвекция, сәуле шығару.
1-тапсырма:(топтық жұмыс)
«INSERT» әдiсi арқылы мәтінмен жұмыс.
І-топ: Жылуөткiзгiштiк
Жылу алмасудың бiрiншi түрiне жылуөткiзгiштiк құбылысы жатады. Жылуөткiзгiштiк деп дене бөлшектерiнiң жылулық қозғалыстары мен өзара әрекеттесулерi барысында энергияның дененiң қызған бөлiгiнен салқын бөлiгiне қарай берiлуiн айтады. Жылудың бiр ортадан екiншi ортаға жылуөткiзгiштiк жолымен берiлетiндiгiне көптеген тәжiрибелер арқылы көз жеткiзе аламыз. Қазанда қайнап жатқан сүттi темiр ожаумен ұзағырақ араластыратын болсақ, ожау сабының бiрте-бiрте қатты қызғанын сезiнемiз. Ал ағаш ожаумен мейлiнше ұзақ араластыруға болады.
ІІ-топ: Конвекция
Жылу алмасудың екінші түріне конвекция жатады. Конвекция деп сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы жылу энергиясының берілуін айтады. Энергияның ыстық ортадан салқын ортаға сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы берілетінін тәжірибе жасап көз жеткізе аламыз. Колбадағы суды төменгі жағынан спиртовкамен қыздырсақ, оның ішінде әуелі көпіршіктер, одан кейін иірімді ағыстар пайда бола бастайды да, артынан судың барлық бөлігі бірдей қайнайды.
ІІІ-топ: Сәуле шығару
Жылу алмасудың үшінші түріне сәуле шығару жатады. Жылу алмасудың жоғарыда қарастырған екі түрі – жылуөткізгіштік үшін де, конвекция үшін де молекулалар мен атомдардан тұратын заттық орта қажет. Ал сәуле шығару арқылы жылу берілу затсыз ортада да, яғни вакуумде де орындалады. Сәуле шығару деп энергияның бір денеден екінші денеге электрмагниттік толқындар арқылы берілу процесін айтады.
Дескриптор:
Оқушылар жылу құбылыстары туралы практикалық көріністері арқылы біледі;
Жылу берілу тәсілдері мен ерекшеліктерін түсінеді;
Жылу берілу тәсілдері мен ерекшеліктері туралы білімді өмірде қолдана алады.
|