Сабақ тақырыбы Кеңістікте арақашықтық пен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептер



Дата20.06.2023
өлшемі65,21 Kb.
#102605
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ №8


Қысқа мерзімді жоспар:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3С бөлім:Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жақия Т.Н..

Сынып: 10А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кеңістікте арақашықтық пен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:
10.5.3.1 кеңістікте арақашықтық пен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептерді шешеді.



Сабақ мақсаттары

кеңістікте арақашықтық пен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептерді шешу.

Бағалау критерийі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді
кеңістікте арақашықтық пен бұрыштарды табуға арналған практикалық есептерді шешеді

Тілдік мақсаттар

Математикалық терминдерді дұрыс қолданады.

перпендикуляр түзулер

перпендикулярные прямые

perpendicular lines

Айқас түзулер

скрещивающиеся прямые

Skew lines

қиылысу нүктесі

точка пересечения

point of intersection

анықтама

определение

definition

қасиет

свойство

property




Құндылықтарды дарыту



*КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ, ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ практикалық сипаттағы есептерді шығару арқылы
*Әрбір оқушының өз ойын дұрыс жеткізе білуі нәтижесінде сыйластыққа *Сыныпта және үй жұмыстарын өздігінен орындау нәтижесінде еңбексүйгіштікке
*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

Пәнаралық байланыстар

Информатика

Негізгі дағдылары

Коммуникативті ( практикалық тапсырмаларды жұпта,топта шығару,бірге талдау,шешімін талқылау,мәселерді бірігіп шешу)
АКТ: Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар

Бастапқы білім

нүктеден жазықтыққа дейін және айқас түзулердің арақашықтығы, параллелепипед

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау .

Презентация



Сабақтың ортасы
25 мин

10 мин


Практикалық сипаттағы есептерді шығару икемдігін қалыптастыру үшін түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш ұғымын қайталайық.
1.ABC үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің О центрі арқылы үшбұрыш жазықтығына перпендикуляр етіп ОК түзуі жүргізілген. Егер AB=BC=10 см, AC=12 см, OK=4 см болса, K нүктесінен үшбұрыш қабырғаларына дейінгі ара қашықтықты табыңдар.
2.ОМ түзуі АВС дұрыс үшбұрышының жазықтығына перпендикуляр етіп жүргізілген және осы үшбұрыштың О центрі арқылы өтеді, ОМ = a, MCO= а) М нүктесінен АВС үшбұрышының әрбір төбесіне дейінгі және АВ, ВС, СА түзулеріне дейінгі ара қашықтықты; ә) АВС үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің ұзындығын; б) АВС үшбұрышының ауданын табыңдар.
3.Ара қашықтығы 3,4 м-ге тең тік орнатылған екі бағанның жоғары ұштары көлденең білеумен қосылған. Бір бағанның биіктігі 5,8 м, ал екіншісінікі – 3,9 м. Білеудің ұзындығын табыңдар.
4.Ұзындығы 15 м телефон сымы жерден 8 м биіктікте бағанға бекітіліп, үйге қарай тартылған да оған 20 м биіктікте бекітілген. Сым қатты керіліп тұр деп есептеп, үй мен баған арасының ара қашықтығын табыңдар.
5.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғалары 3 м-ге тең. Үшбұрыштың әрбір төбесінен 2 м қашықтықтағы нүктеден үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.
6.АВС үшбұрышында: AB=BC=13 см, АС=10 см берілген. К нүктесі АВ, ВС және АС түзулерінен см қашықтықта жатыр. Егер К нүктесінің АВС жазықтығына түсірілген проекциясы үшбұрыштың ішінде жататын болса, К нүктесінен осы жазықтыққа дейінгі ара қашықтықты табыңдар.
7. жазықтығынан 9 см қашықтықа жатқан К нүктесінен жазықтығына, өзара тік бұрыш жасайтын, ал жазықтығымен сәйкесінше 45° және 30° бұрыштар жасайтын KL және KM көлбеулері жүргізілген. LM кесіндісін табыңдар.
1) Ұзындығы 5 м саты қабырғаға сүйеліп қойылған. Сатының жоғарғы басы қабырғаға қандай биіктікте тіреліп тұрғанын анықтаңдар, егер сатының жоғарғы басынан жерге дейін және қабырғадан төменгі шетіне дейінгі қашықтықтар бүтін сандармен берілсе

2)Футбол қақпасының ені – 7,32 м, биіктігі – 2,44 м. Футболшы айып добын қақпадан 11 метр қашықтықтан суретте көрсетілгендей қақпаның жоғары бөлігіне теппекші. 1) Доптың траекториясының ұзындығын табыңдар. Жауаптарыңды жүздіктерге дейін дөңгелектеңдер.

Презнгтация
Атанасян Геометрия 10-11 класс
Погорелов Геометрия
7-11 кл.
Атанасян Геометрия 10-11 класс



Сабақтың ортасы
3 мин.

Рефлексия:



Нені білдім?

Не түсініксіз?

Нені білгім келеді?














Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың
Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық
кезеңдері
сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет