Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Зертханалык жумыс (1)

№ 3 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Плазмалық мембрана және клетка бетінің маманданған құрылымдары.
Клеткааралық байланыстар 
 
Мақсаты:
1. Клетка мембранасының құрылысы, қызметімен танысу. 
2. Клеткааралық байланыс түрлерінің ерекшеліктерін меңгеру. 
3. Клетка бетінің маманданған құрылымдарымен, олардың қызметімен танысу. 
 
1-ші тапсырма: Өсімдіктер мен жануарлар клеткасының қабықтарын зерттеу. 
а) Аш ішектің көлденең кесіндісі. Темірлі гемотоксилинмен боялған. 
Микроскоптың кіші көрінісінің астынан препаратты қарағанда, бір қабатты цилиндр 
тәрізді эпителиді көруге болады. Апикальды бөлігінде микробүрлерді көресіз. 
Микробүрлердің негізгі атқаратын қызметі - қоректік заттарды бойына сіңіру. Суретін 
салып белгілейтіндеріңіз: 1) микробүрлер; 2) апикальді жиегі. 
б) Аксолотольдің қара бауыры. Бояуы-гемотоксилин-эозин. Микроскоптың кіші 
көрінісінің астынан препаратты қарағанда көп бұрышты клеткалар ортасында ядросы 
орналасқан, циотплазмасы бірден көзге жақсы көрінеді. Үлкен көрінісіне ауыстырып 
зерттегенде ядрода бір немесе екі ядрошықтар мен хроматин орналасқанын көреміз. 
Осыдан суретін салып, белгілейтіндеріңіз: 1) цитоплазма; 2) ядро; 3) плазмалемма; 4) 
эритроциттер. 


в) Өсімдіктер клеткасы - пияз қабықшасы. Микроскоптың кіші көрінісінің 
астынан препаратты зерттегенде әр түрлі пішінді клеткаларды көресіз. Көпбұрышты 
клеткалар бір-біріне тығыз орналасқан. Ядросы клетканың шетіне қарай ығысып 
орналасады. Клетка қабықшасы айрықша жақсы көрінеді. Цитоплазмасы бірқалыпты 
емес, ұсақ түйіршіктері бар, бояуы аз шала боялған, клетка қабықшасының жанынан анық 
көруге болады. Көргендеріңіздің суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) клетка 
қабықшасы; 2) цитоплазма; 3) ядро. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет