Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Зертханалык жумыс (1)




 
1
 
зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері.
Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі 

 
Мақсаты: 
 
1. Жарық микроскопының құрылысымен, олардың бөлшектерінің қызметін білу және 
цитологиялық препараттарды зерттеудегі жұмыс әдістерін меңгеру. 
2. Микроскоппен жалпы ұлғайтуды анықтау,
үйрену, көрсеткіш қабілеттілігін, маңызын білу. 
 
1-ші тапсырма: Микроскоптың түрлерімен және оның құрылысымен танысу. 
Жұмыс істеу тәртібін үйрену. Дайын препараттармен танысу, жұмыс істеу. 
Оқу орындарында сол сияқты биологиялық және медициналық зертханаларда МБР-
1 биологиялық микроскопы кең қолданылады. Микроскоп негізінен 2 бөлімнен тұрады : 
оптикалық және механикалық. Оптикалық бөлімге обьективтер, окуляр, жарық түсіру 
жүйесі (айна), линза; механикалық бөлімге тубус, мойын,конденсор, штатив, зат столы
табаны, диафрагма, макро және микробұрандалар жатады. 
Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелерді естен шығармау керек: 
 
а/ Микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенге
дейін екінші орынға жылжытуға болмайды
б/ Алдымен айнамен жарық түсірген соң кіші обьективпен препараттың зерттелетін 
жерін тауып көру аймағының ортасына орналастырады; 
в/ Тұрақты препараттан керекті жерін тапқаннан кейін, револьвердің басын бұрап, 
микроскопты кіші обьективтен үлкен обьективіне ауыстыру керек, микрометрендік 
бұранда тек үлкен обьективпен көруге арналған, оны бір жағына қарай жарты айналымнан 
артық бұрауға болмайды. Бейне анық болу үшін, диафрагманы жабыңқырап, конденсорын 
төмен түсіру керек; 
г/ Микроскопты бірқалыпты температурада сақтау керек
д/ Ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен обьективтің сыртқы 
линзаларын сүртіп тазалайды; 
ж/ Микроскопты химиялық реактивтер, улы химикаттармен қатар қоюға 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет