№ 2 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Клетканының морфологиялық құрылысы. Прокариоттар және
эукариоттар клеткаларының құрылысы, ерекшеліктері
Мақсаты:
1. Клетканың жалпы морфологиялық құрылысымен танысу.
2. Прокариот (көк-жасыл балдырлар, бактериялар) және эукариот (өсімдіктер,
жануарлар) клеткаларының құрылысымен танысып, ерекшеліктерін білу.
3. Клеткасыз құрылымдармен танысу.
1-ші тапсырма: Көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың құрылысымен
танысу. Арнайы кестеден бактериялар мен балдырлардың құрылысын салыстыра отырып
суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1)
клетка қабығы; 2) нуклеоид; 3) мезосома; 4) талшық .
2-ші тапсырма: Өсімдіктер клеткасының жалпы морфологиялық құрылысы.
Пияз қабықшасы. Микроскоптың кіші көрінісіне
қойып препаратты зерттегенде, пияз
қабықшасының клеткалары төрт бұрышты болып келеді. Тығыз орналасқан клетка
қабықшасы, сонымен қатар ядросы бірден көзге жақсы көрінеді.
Ядросы клетканың
шетіне қарай ығысып орналасқан. Микроскоптың үлкен көрінісіне ауыстырып зерттеп
суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) клетка қабығы; 2)
цитоплазма; 3) ядро.
Достарыңызбен бөлісу: