Сабақ Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата25.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#45260
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 
Дисахаридтер 
 
Дисахаридтер екі моносахаридтердің калдықтарынан тұрады. Олар 
бір-бірімен 
гликозидтік 
байланыспен 
байланысқан, 
яғни 
бір 
моносахаридтің гликозидтік гидроксилі мен екінші моносахаридтің бір 
гидроксилдік тобы (ол гликозидтік гидроксил болуы да мүмкін) 
байланысады. 
Қышқылдар немесе ферменттермен гидролиздегенде олар өзін 
құрайтын моносахаридтерге ыдырап кетеді. Кейбір дисахаридтер құрамы 
жағынан 
бірдей 
болуы 
мүмкін, 
дәлірек 
айтқанда 
бірдей 
моносахаридтерден тұрады. Мысалы, мальтоза және целлобиоза , екеуінің 
құрамында да екі молекуладан глюкоза бар, бірақ олардың қасиеттерінің 
айырмашылығы құрамындағы глюкозалардың әртүрлі изомерлік түрінде 
болуы (α және β-түрлері). 
Дисахаридтер қасиеттері жағынан екі түрлі болады. Біреулері 
тотығады, ал екіншілері тотықпайды. Тотықпайтын дисахаридтерде бос 
гликозидтік гидроксил жоқ, себебі ол моносахаридтердің бір-бірімен 
байланысуына жұмсалған. Мысалы: сахароза глюкоза мен фруктоза
қалдықтарынан тұрады. 
Көмірсулар (дисахаридтер) 
Малтоза 
Сахароза 


Лактоза 
Глюкозадағы бірінші көміртегімен байланысқан гликозидтік
гидроксил фруктозадағы екінші көміртегі атомымен байланысқан 
гликозидтік гидроксилмен реакцияға түсіп су молекуласы бөлініп 
шығады да тотықпайтын дисахарид-сахароза түзіледі. Ал, тотығатын 
дисахарид мальтозада бос бір гликозидтік гидроксил тобы бар. Ондағы 
екі глюкоза молекуласы бір-бірімен 1,4 гликозидтік жағдайдағы 
байланыспен 
байланысады. 
Осындай 
байланыстың 
нәтижесінде 
мальтозада бір гликозидтік гидроксил тобы бос қалады, сондықтан да 
мальтоза жартылай тотығады, яғни осындай тотығатын дисахаридтерді 
Бертран әдісімен ерітіндідегі мөлшерін анықтауға болады. Ал 
тотықпайтын дисахаридтерді осы әдіспен анықтау үшін оларды алдымен 
қышқылдармен 
гидролиздеп 
құрамындағы 
моносахаридтерге 
айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет