күлгін түске боялады. Крахмалды ферменттермен (амилазалар) немесе
қышқылдармен (H
2
SO
4
) гидролизденгенде
алдымен бірнеше аралық
заттар түзіледі, атап айқанда - декстриндер. Олардың молекулалық
массалары әртүрлі, иодпен түрлі түске боялады.
1.Амилодекстриндер иодпен көк күлгін түске боялады .
2.Эритродекстриндер иодпеп қызыл-қоңыр түс береді.
3.Ахродекстриндср иодпен қызғылт түске боялады.
4. Мальтодекстриндер иодпен боялмайды.
Декстриндерден кейін мальтозаларға, ал соңғысы глюкозаларға
ыдырайды. Жануарларда қор ретінде жиналатын полисахарид- гликоген.
Гликоген негізінен бауырда (10%), бұлшық етте (0,5%) ал басқа ұлпаларда аз
мөлшерде кездеседі. Құрамы және құрылысы жағынан крахмалға ұқсас.
Оның құрамындағы глюкозалар крахмал молекуласындағыдай 1-4 және 1-6
жағдайында гликозидтік байланыспен байланысқан (1-сурет). Крахмалдан
айырмашылығы молекуласының тармақталуы жиіленген.
Қышқыл немесе
ферментпен гидролизденгенде алдымен декстриндер, соңында глюкозаларға
ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: