Оқушылардың теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмалары беріледі.
Мұғалім дұрыс жауаптарын айтады, ал оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Бір-біріне кері байланыс жасайды
Таратпа материал
Сабақтың ортасы
15 мин
. Оқушылардың теориялық материалды қолдану дағдысын дамыту үшін жұпта орындауға тапсырмалар беріледі
Деңгейлік тапсырмалар: Деңгейлік тапсырмалар: Фокус аралығы 12 см жинағыш линзадан нәрсенің шын және өзінен үш есе үлкейтілген кескін алу үшін, оны қандай қашықтыққа қою керек?
Май шам оптикалық күші 10 Дптр-ге тең жинағыш линзадан 12,5 см қашықтықта орналасқан. Кескін линзадан қандай қашықтықта орналасады және ол қандай кескін?
Нәрсе жинағыш линзадан 1,8 м қашықтықта тұр. Егер кескін нәрседен 5есе кіші болып шықса, линзаның фокус аралығы қандай?
Фокус аралығы 0,4 м болатын жинағыш линзадан, алынған кескін линзаның екінші жағынан 2 м қашықтықта болу үшін, берілген дене линзадан қандай қашықтықта болу керек?
Нәрсе линзадан 4F кашықтыққа орналасқан, оның экрандағы кескіні өзінен қанша есе кіші?
Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 3 м-ге тең. Нәрсенің 5 есе үлкейтілген кескінін алу үшін, оптикалық күші қандай линзаны алу керек ?