Тапсырма: Ойын «Саяхатқа шығу» Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен, 2. Құрмет, 3. Кіші, 4. Ізет Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің? 4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 -топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 -топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер? 1- топқа үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?
2- топқа кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?