Сабақ тақырыбы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі19,48 Kb.
#127269
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
үлкенге құрмет Абилдаева А

Тапсырма:  Ойын «Саяхатқа шығу» 
Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен, 2. Құрмет, 3. Кіші, 4. Ізет
Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 -топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 -топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.


Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?
1- топқа үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?
2- топқа кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?

Жүректен – жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Бәрін де жақсы көремін
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет