Сабақ Тақырыбы: М. Дулатұлы «Бақытсыз Жамал»



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#87149
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
бақытсыз жамал (копия)

Дескриптор:
  • Шығарма кейіпкерлерін табады - 1балл
  • Кейіпкерлерді кестеге топтастырып жазады – 1балл



Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

1

2

3

Өзіңді тексер




Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

1

Жамал

Білімге құштар, зерек, еркіндікке жетуді жөн көреді.

Махаббатына берік жанашыр.

Қазақ қыздарының басындағы қайғылы халін ұғына білген, өз тағдырына араша түсуге дайын кейіпкер

2

Ғали

Медресе бітірген, оқыған, мұғалім болып қызмет атқарған, өнерге жақын.

Сырт келбетіне ақылы сай, мәдениетті, жанашыр.

Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын кейіпкер.

3

Байжан

Ескі салттың адамы. Шен, мақтанышты жоғары көреді.

Барымташы, жалақор.

Сөзін сөйлер тобы бар, құбылмалы қатыгез кейіпкер.

2-тапсырма


Дескриптор:
  • Шығармадағы кейіпкер образын екі бағытта талдайды - 1балл
  • Кейіпкерге сипаттама береді – 1балл
  • Өз көзқарасын білдіреді – 1балл

Дұрыс істері
Бұрыс істері
Сәрсенбай

Өзіңді тексер


Дұрыс істері
Бұрыс істері
Жамалды оқытуы, тәрбиелеуі, дұрыс бағыт беруі, сауаттылығын арттыруы, оқу мен өнерге бар жағдай жасауы.
Сәрсенбай
Билікке құмарлығы, мансапқорлығы, Жамалды Жұманға беруі, қыз тағдырын ойламауы, жарының сөзіне құлақ аспауы.

3-тапсырма


Үзінді

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді жігіт еді.


Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,
Тұралық уағданы бекем байлап,
Сен үшін бір басымды еттім құрбан,
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап.



Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүз теңге шығар. Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Сәрсенбай біраздан соң: «Ѳздерің біліңдер», - деп жауап қайтарды.


Жамалды ѳзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді, атасының байлығы не керек, Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың?


Дескриптор:
  • Үзіндіден кейіпкер бейнесінің тура немесе жанама мінездеуге сәйкестігін анықтайды- 2балл

Өзіңді тексер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет