Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді жігіт еді.
+
Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,
Тұралық уағданы бекем байлап,
Сен үшін бір басымды еттім құрбан,
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап.
+
Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүз теңге шығар. Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Сәрсенбай біраздан соң: «Ѳздерің біліңдер», - деп жауап қайтарды.
+
Жамалды ѳзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді, атасының байлығы не керек, Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың?
шығарма желісі бойынша сұрақтарға жауап береді – 1балл
«Плюс-минус-қызықты» «П» - «плюс»- сабақ барысында өзіне ұнағанның бәрін жазады, пайдалы ақпараттар, әдіс-тәсілдер т.б.
«М» - «минус»- сабақта өзіне ұнамағанның барлығын жазады, жалықтырған немесе түсініксіз болған тұстарын жазады.
«Қ» - «қызықты»- сабақтың қызықты тұсын немесе жаңа ақпарат туралы жазады.
Плюс
Минус
Қызықты
Рефлексия. Кері байланыс
Қорытынды:
Оқушы білді:
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін талдай білуді.
Оқушы меңгерді:
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеуді.
Үйге тапсырма
Шығарманың сізге ұнаған тұсына оқырман ретінде пікір беріңіз.