Тақырыбы: «Қызықты жорық »
|
Мектеп №278
|
күні:21.01-22.01
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын) тембріне қарап ажырату.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақты суреттерді ойнау
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарап ажырата алады.көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
кейбір балалар:
Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Өздері барған экскурсиялары туралы ой-пікірлерін бөліседі.
Көптілділік: қызық – интересно – interesting.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ансамбль, контрабас, гитара, шаңқобыз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Бұл дыбыс неге ұқсайды?
Шулы дыбыстар мен музыкалық дыбыстардың айырмашылығы қандай?
Бұл аспапта қалай ойнайды
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Таныс әуендерге би элементтерін қосып, өз ойларынан суырыпсалма билерін көрсете біледі.
Үйренген әндердің көңіл күйін, сипатын суретпен байланыстыра әңгімелей алады
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!» (әндете амандасу).
Өрлеп мына біз шыңға шығамыз,
Сөз емес қой асқар биік құз.
Таңмен күлеміз, суда жүземіз,
Шыңдалып, жорықта жүреміз.
(Н. Әлімқұлов)
– Жорық деген не? Оның адам организміне пайдасы туралы түсіндіру.
– Демалыс күндері отбасыңмен бірге қайда қыдырасыңдар?
– Тауға жорыққа шығып көрдің бе?
Сұрақтар қою арқылы әңгімелесу
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
Карточкалар
Жорықтар түрі
бейнеленген түрлі
түсті суреттер
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Жол жыры»
(муз. Ш. Қалдаяқов, сөзі Т. Молдағалиев).
– Ән мазмұны мен қай суретті байланыстырар едің?
– Ән сипатына сәйкес қалай орындалады?
Жорыққа шыққан қызық екенін айтып, үш тілде қайталап айтқызу,
үйрету: қызық – интересно – interesting.
(Т, Ж) дауыс жаттығуы: «Ән саламыз», «Әдемі ән» жаттығулары
дауыстың еркін шығуына ықпал етеді.
(Т, Ж) Ән айту: «Жорық жыры» (муз. Н. Тілендиев, сөзі М. Әлімбаев).
Әннің сипатын, екпінін анықтау үшін сұрақтар қою.
Ән көңілді, сергек, шаттық сезіммен орындалатынын түсіндіру.
Әнді сипатына сай орындап беру.
Мәтіні мен әуенін, жоғарғы дыбыстарды таза, анық айтуларын
қадағалау. Әннің көңіл күйін сезіне орындауға дағдыландыру.
Мәтіні мен әуенін таза, анық айтуларын қадағалау.
– Бұл ән саған қандай көңіл күй сыйлады?
(Т) аспапта ойнау: «Біздің оркестр» (муз. С. Соснин). Үшбұрыш,
бубен, маракас, металлофон аспаптарын меңгеруді жалғастыру.
Ансамбльмен және жеке орындауда жеңіл ырғақтарды ойнау.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Жорыққа шыққан
көңілді достардың дауысы қай аспаптың дыбысына ұқсайды? Дауысы сәйкес келетін аспаптарды орман тұрғындарымен сызықпен қосып көрсет.
Көңілді жорыққа шыққанды ұнатасың ба? Саяхатқа шығып көрдің бе? Суреттен саяхатшы баланы тауып, сол суретті боя
|
«Жол жыры»
(муз. Ш. Қалдаяқов, сөзі Т. Молдағалиев).
«Ән саламыз»,
«Әдемі ән»
жаттығулары
«Жорық жыры» әні
«Біздің оркестр»
Музыкасы
Ұрмалы музыкалық
аспаптар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:______________________
№37-38
Тақырыбы:
« Бағдаршам бағыт береді »
|
Мектеп №278
|
күні:28.01-29.01
|
Педагогтің аты-жөні: Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.2.1. Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға
арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады.көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған
музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу дағдыларын меңгерген.
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Жолда жүру ережелерін еске түсіреді.
Бағдаршамның жұмысы туралы әңгімелейді.
Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic-light.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Бағдаршам, сурыпсалма, мәнерлі, үш түрлі көңіл күй.
Пікір алмасу сұрақтары:
Бағдаршам түстерінің қызметі туралы не білесің?
Жол ережесін жатқа білесің бе?
Неліктен көліктер жүретін жолда велосипедпен жүруге тыйым салынған?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақта үйренген әннің 1-шумағын қайталап, бірге және жеке әндете орындайды. Әннің көңіл күйін ажыратады.
Әуенге ілесе оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасап, би қимылдарын көрсетеді
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Музыкалық сәлемдесу. Ырғаққа сәйкес бірге қол шапалақтау және
«Сә-ле-мет-сіз бе?» сөзін буынға бөле әндету.
Балаларды екі топқа бөлу. Бірінші топқа ырғақты шапалақтап, келесі
топқа ұрмалы аспаптармен әуеннің ырғағын дәл бере ойнауды ұсыну.
Әрі қарай екі топ алмасады
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Жол ережелері
белгісі бар суреттер
Ұрмалы аспаптар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
Жұмбақ.
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл, сары, жасыл. Бұл не?
Жұмбақ жасыру арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Бағдаршам туралы толық мәлімет беру, түсіндіру.
(Т) Музыка тыңдау: «Бағдаршам»
(муз. Н. Дүкенбаев, сөзі С. Дүкенбаев).
– Әуенді тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің?
– Шығарманың қарқыны қандай?
– Әннің мазмұнында не туралы айтылады?
(Т, Ж) дауыс жаттығуы:«Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту.
Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. Күшті
бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары қатты шықса, әлсіз бөлігінде
ақырын орындау.
(Т, Ж) Ән айту: «Бағдаршам»
(муз. Қ. Қайым, сөзі Ә. Табылды).
– Әннің мазмұны туралы не айта аласың?
– Қарқыны тез бе әлде жай орындала ма?
Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету.
Қол шапалақтау арқылы әннің ырғағын қабылдауға дағдыландыру.
«Бағдаршам» сөзінің үш тілде айтылуын қайталау арқылы естеріне
сақтауға ықпал ету: бағдаршам – светофор – light-signal.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Айжан қыз» (Құрманғазы).
Би түрін бейнематериалдан көрсету. Ұлттық би элементтерін, би
ырғағын есте сақтауға үйрету, қарқынын сезіне мәнерлеп билеу.
Вальс, марш жанрларымен салыстырып, ерекшеліктерін ажыратуға,
әуен ырғағына сәйкес қозғалуға баулу.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әнді мұқият тыңдап,
бағдаршамның қызметін анықтап, есіңе сақта. Суретке қарап,
бағдаршамның үш түрлі көңіл күйін әңгімеле.
Бағдаршам мен суреттің ұқсастығын айтып бер. Сәйкес түстерді
таңдап, боя.
Музыка жанрларының қандай түрлерін білесің (ән, күй, би, марш)?
Суреттен марш жанрын сипаттайтын көріністі тауып, дөңгелекті сары түспен бояп белгіле.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Бағдаршам не үшін
қажет? Мына суретте жолда жүру ережесін бұзғандар бар ма?
Қайсысы дұрыс?Таңдаған суретіңді дөңгелекті бояп көрсет.
Бағдаршам не үшін қажет? Суреттегі көліктердің қайсысы
бағдаршамның қызметін қажет етпейді? Неліктен? Қайсысы қалай
қозғалатынын әңгімелеп бер
|
«Бағдаршам» әні
«Жаңғырық» дауыс
Жаттығуы
«Бағдаршам» әні
«Айжан қыз» күйі
Аудиожазбалар,
Бейнематериалдар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:______________________
№39-40
Тақырыбы: «Туған жерім – тұғырым »
|
Мектеп №278
|
күні: 11.02-12.02
|
Педагогтің аты-жөні: Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.6. Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын
сипат тау.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттай
алады.
кейбір балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Отаны, тұратын жері туралы әңгімелейді.
Туған жері, елі туралы тақпақ-өлеңдер айтады.
Көптілділік: салтанатты – торжественный – solemn.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ашық-жарқын, мұңды, салтанатты.
Пікір алмасу сұрақтары:
Өз туған жеріңе деген қандай тілектерің бар?
Естіген әуенді қалай сипаттар едің?
Туған жеріңнің табиғатын суреттеп бер.
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Төмен-жоғары, қысқа-ұзын дыбыстарды ажыратады. Үйренген әндерді еркін орындайды, алған әсерлерін, толғаныстарын еркін сипаттайды, әңгімелейді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Музыкалық сәлемдесу. «Сәлем! Привет! Hello!» (әндете амандасу).
(Т) Мимикалық жаттығу: «Көңілді және мұңды». Көңілді немесе
мұңды әуен ойналғанда сәйкес карточканы көрсетіп, мимикамен көңіл күйін көрсетеді.
Туған жерге құрақ болам,
Шуақ болып жылынар.
Туған жерге бұлақ болам,
Шөл қандырар суы бар.
Өлең жолдарын қайталатып, еске сақтауға талпындыру
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
Карточкалар
«Туған жер»
тақырыбына
салынған түрлі
суреттер немесе
интерактивті тақта слайдтар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Туған жер»
(муз. Ж. Тұрсынбаев, сөзі С. Жиенбаев).
– Бұл ән саған қандай көңіл күй сыйлады?
Әннің қарқынын ажыратып, мәтінін суреттеп беруді ұсыну.
«Туған жер» әнінің мазмұнын көрсететін суретті таңда.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Тик-так», «Жаңғырық» жаттығулары.
Тынысты дұрыс алу ережесін сақтап, таза айтуға баулу
(Т, Ж) Ән айту:«Егемен ел – Қазақстан» (муз. мен сөзі Н. Алғашбаев).
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты. (М. Әлімбаев)
Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындау. Жаңа әннің
әуенін таза орындауға үйрету. Әнді орындап, алған толғаныстарын,
сезімдерін әңгімелеп берулерін сұрау.
– Бұл әнді қандай көңіл күймен орындаймыз? Ырғағы қандай екен?
(Т) Музыкалық-дидактикалық ойын: «Үш көңіл күй»
«Марш» (муз. В. Соловьев-Седой), «Полька» (муз. И. Штраус),
«Вальс» (муз. Э. Григ); «Бесік жыры» (Б. Дәлденбай).
Музыка жанрларын ажыратуға ықпал ету, сәйкес карточкаларды
көрсет у.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: «Туған жер» әнінің
мазмұнын көрсететін суретті таңдап белгіле.
Айжан қыз қандай әуенге билейді? Биге қандай киім үлгісін ұсынар
едің? Киімдерді ата. Айжанның қазақша тақиясының суретін аяқтап,
әшекейле.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Егемен еліміздің қандай
рәміздерін білесің? Оларға сипаттама бер. Әнді орындағанда көз алдыңа не елестете аласың? Өз елің туралы сурет сал, әңгімелеп бер.
Егемен елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады? Суреттегі биші
қыздардың киім үлгісіне сәйкес ұлттық бас киімдерін таңдап, кигіз
|
«Туған жер» әні
«Тик-так»,
«Жаңғырық»
Жаттығулары
«Егемен ел
Қазақстан» әні
«Менің
Қазақстаным»
атты слайд-суреттер
«Үш көңіл күй»
(«Марш», «Полька»,
«Вальс»), «Бесік
жыры» әндері
Үлестірмелі
карточкалар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар,
бояулар
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:______________________
№41-42
Тақырыбы: « Бесік жыры »
|
Мектеп №278
|
күні: 18.02-19.02
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.2.1. Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға
арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған
музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу дағдыларын меңгерген.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
«Бесікке салу» рәсімі туралы әңгімелейді.
Көптілділік: бесік – колыбель – cradle.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Бесік жыры, мұңды, нәзік, ақырын, ксилофон, қоңырау.
Пікір алмасу сұрақтары:
Салт-дәстүр туралы не білесің?
«Бесік жыры» қандай ән?
Бұл әнді басқаша қалай орындар едің?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Балалар үйренген әндерін зор ықыласпен орындайды. Музыкалық аспаптарды қолданып қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алады. Өз шығармашылықтарын достарымен бөліседі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Музыкалық сәлемдесу. «Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning!»
(әндете амандасу).
(Т) Ойын:«Ән салған кім?» Ортаға көзі жұмулы бала тұрады.
Кез келген бала ортадағы баланың атын әндете айтады. Ортадағы бала тапса, әнші баламен орын алмастырады.
Ойын 2-3 рет қайталанады.
«Бесікке салу» дәстүрі туралы айтып, балалардың қызығушылығын
ояту.
Бала дүниеге келгенде «сүйінші» сұраған адамға сыйлық берілетінін,
шілдехана тойы жасалып, ол жерде ән-жыр айтылып, би биленіп,
қуанышты болатынын түсіндіру
|
Музыкалық
сүйемелдеу
«Ән салған кім?»
Ойыны
«Бесікке салу»
дәстүрін көрсететін
бейнежазбалар
Үлестірмелі
карточкалар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Бесік жыры»
(муз. Қ. Өрісбаев, сөзі Ш. Мұхамеджанов).
– «Бесік жыры» қай кезде орындалады?
– Бұл әнді дауысты қатты шығарып айтуға бола ма?
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди», «Көңілді алақандар мен
балақандар» жаттығулары. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға үйрету.
(Т, Ж) Ән айту: «Бесік жыры» (муз. Б. Аманжол).
Әлди, әлди, бөпешім,
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін, жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой, –
деп сәбилерді ұйқыға шақырады.
Әнді нәзік сезіммен орындап, мағынасын түсіндіру.
– Дауыс ырғағы қандай болады деп ойлайсың?
– Өз анаңның айтқан бесік жыры есіңде ме?
Әннің ырғағын бесік тербеткендей қол қимылдарымен бірге көрсетуді ұсыну.
«Бесік» сөзінің орыс тілінде, ағылшын тілінде айтылуын қайталату:
бесік – колыбель – cradle.
(Т) аспапта ойнау:«Еркем-ай» (өңдеген Б. Дәлденбай).
Әуеннің ырғағын, дыбыстық үйлесімін бірге анықтау, түсіндіру.
Ұлттық ойын «Тақия тастамақ».
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Анасы сәбиіне бесік
жырын қай кезде айтады? Дауыс ырғағы қалай болады деп ойлайсың?
Анаңның айтқан әні есіңде ме?
Суретке қарап, бесік жырының орындалатын уақытын дөңгелекті бояп көрсет.
«Еркем-ай» әнінің әуенін сүйемелдеуге қандай ұлттық аспаптарды
қолданар едің?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Бұл әннің көңіл күйі қандай?
Екпіні, ырғағы туралы не айтасың?
Бесік жырын қай аспаптың сүйемелдеуімен орындауға болады?
Таңдаған аспаптарды қоршап сыз.
Бесік жырын мұқият тыңда. Әннің сипаты суреттегі баланың
қайсысының көңіл күйіне сәйкес келеді?
|
«Бесік жыры» әні
«Әлди-әлди»,
«Көңілді алақандар
мен балақандар»
жаттығулары
«Бесік жыры» әні
Ксилофон,
металлофон,
қоңырау, үшбұрыш
аспаптары
«Еркем-ай» әні
Нота
хрестоматиясы
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:______________________
№43-44
Тақырыбы: « Тұсау кесу »
|
Мектеп №278
|
күні: 25.02-26.02
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын) тембріне қарап ажырату.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарап ажырата алды.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
«Тұсау кесу» дәстүрі туралы әңгімелеп береді.
Көптілділік: қадам – шаг – step.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Тұсау кесу, қадам, күрмеу, ұлттық музыка.
Пікір алмасу сұрақтары:
Басқа қандай салт-дәстүрлерді білесің?
«Тұсау кесу» не үшін жасалады?
Мағынасы осы әнге сәйкес келетін қандай әндер білесің?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Таныс әуендерге би элементтерін қосып, өз ойларынан суырыпсалма би көрсете біледі.
Үйренген әндердің көңіл күйін, сипатын бере орындайды.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Музыкалық сәлемдесу. «Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning!»
(әндете сәлемдесу).
Тұсау кесу тойында қандай тілек айтар едің? Бубен аспабын бір-біріне жалғастыру арқылы тілек-құттықтауларын жолдау
«Тұсау кесу» салты – сәби тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалады.
Тұсау кесу түрлеріне тоқталып, әңгімелеу (ала жіппен, көк шөппен,
тоқішекпен).
Тұсау кесу кезіндегі іс-әрекеттер туралы, қуанышты тойға ұласып,
шашу шашылады деп қызықтыра әңгімелеу.
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
Карточкалар
Тұсау кесу рәсімі
бейнеленген түрлі
түсті суреттер
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Тәй-тәй»
(муз. Ө. Байділдаев, сөзі М. Жұмағазиев).
Әнді тыңдап, сипатын, көңіл күйін ажырату.
Ән мазмұнын әңгімелеуді ұсыну.
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Суретке қарап әңгімелеуді ұсыну.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди», «Ән шырқайық»
жаттығулары.
Сөздерді, әуенді анық, таза айтуға жетелейді.
(Т, Ж) Ән айту: «Тұсаукесер жыры» (халық әні, өңдеген Б. Жүсіпәлиев).
«Тұсаукесер жыры» мен «Бесік жырын» салыстыру.
Олардың мағынасы мен ырғақтарының айырмашылықтары туралы
т үсіндіру.
– Саған таныс қандай әндерге ұқсастығы бар?
Әнді орындап, мәтіні мен әуенін үйрету, таза айтуға
Дағдыландыру
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Етек-етек» (ән-ойын).
Ойын шартымен таныстырып, кейіпкерлерге бөліну.
Қимыл-қозғалыстары қайталанады.
Әндете жүріп мағынасына сай қозғалуға мән беру.
Ептіліктерін көрсету.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Тұсау кесу рәсімі не
үшін қажет? Қанша жастағы сәбидің тұсауы кесіледі деп ойлайсың?
Тұсау кесу туралы не білесің, суретке қарап әңгімеле.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әннің көңіл күйі,
ырғағы қандай? Саған таныс қандай әндерге ұқсастығы бар? Берілген
суреттен тұсау кесуге қажетті заттарды сызық арқылы қосып көрсет.
Достарыңмен қандай ойын ойнайсың? Балалар ойындарының қандай
түрлерін білесің? Алтыбақан бейнеленген суретті көк түспен белгілеп көрсе
|
«Тәй-тәй» әні
«Әлди-әлди»,
«Ән шырқайық»
жаттығулары
«Тұсаукесер жыры
Қара құс, тауық
және балапандар
атрибуттары
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:_______________________
№45-46
Тақырыбы: « Біздің ұлттық ойындар »
|
Мектеп №278
|
күні:4.03-5.03
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын) тембріне қарап ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.2.1. Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға
арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілеттеріне сүйеніп ән сала алады.
көпшілік балалар:
Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған
музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу әрекеттерін меңгерген.
кейбір балалар:
Қарама-қайшы қарапайым әуендерді музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалып ойнау әрекеттерін игерген.
Музыкалық қабілеттері жоғары деңгейдегі балалар музыкалық аспапта да, жеке дауыста да суырыпсалу қасиеттерін жақсы меңгерген.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
ҰОҚ тақырыбына байланысты өз ойларын әңгімелей алады.
Тыңдаған музыкалары туралы әңгіме құрайды.
Жоғары-төмен дыбыстарды түсініп, анықтайды.
Көптілділік: ойын – игра – game.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ұлттық ойындар, жоғары-төмен дыбыстар, тембр.
Пікір алмасу сұрақтары:
– Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
– Өз есімдеріңді жоғарғы немесе төменгі дыбыстарда айта аласыңдар ма?
– Музыка саған қандай көңіл күй сыйлайды?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақта қандай ән айтқанымызды, қандай музыка тыңдағанымызды еске түсірейік. Не туралы әңгіме айтқанымызды ұмытпаған боларсыңдар. Ойланып, еске түсіру.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалар көңілді музыка әуенімен шаттық шеңберін құрады.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылу шуақты
Достарға біз шашайық!
– Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме?
– Қандай ойын ойнадыңдар?
– Бүгінгі сабақ барысында осы ұлттық ойындар туралы әңгіме
қозғаймыз. Ұлттық ойындар өте көп, біздің ұлт табиғи құралдарды
пайдаланып ойын ойнаған. «Асық ату», «Көкпар», «Сақина салу»,
«Арқан тарту» т.б. ойындар бар.
|
«Асық ату»,
«Көкпар», «Сақина
салу», «Арқан
тарту» т.б. ойындар
туралы суреттер
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау:«Көкпар» (муз. А. Исағұлова).
– Музыка тыңдай отырып не елестеттіңдер? Көкпар туралы не
білесіңдер?
Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі – «Көкпар»
ойыны. Ойын аттың үстінде ойналады. Асқан шеберлікті қажет етеді.
Малдың терісін ептілікпен жерден алып, ешкімге жеткізбей көмбеге
апарып салу керек.
(Т, Ж ) дауыс жаттығулары: «Былқылдақ» (Тәттімбет).
«Былқылдақ» күйінің негізгі әуенін «ду» буынында айтқызу. Терең
тыныс алып, демді сыртқа еркін шығаруға үйрету. Орындағанда ерін
жиырылып, таңдай жоғары көтеріледі, тіл артқа жылжиды. Ырғағына
айрықша көңіл бөлу.
(Т, Ж ) Ән айту: «Жомарт елім»
(муз. И. Нүсіпбаев, сөзі Т. Молдағалиев).
«Жомарт» сөзі нені білдіреді, балалармен ой бөлісу. Кең-байтақ
елімізді паш ететін бұл ән кең диапазонда орындалады.
Әннің ең биік жоғары дыбысы қандай екенін ажыратып, айту. Жоғары,
төмен дыбыстарды әннің ішінен табу.
(Т, Ж ) аспапта ойнау: «Сәулем-ай»
(қазақтың халық әні, өңдеген Б. Дәлденбай).
Әуенді дауыспен айта отырып аспапта орындау, қарама-қайшы
әуендерді пайдаланып суырыпсалу. Балалардың өз бетінше жұмыс
жасауына жағдай жасау.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:Әнді тыңдағанда
қандай әсер алдың? Әннің қарқыны неліктен жылдам?
Қандай ұлттық ойындарды білесің? «Ханталапай» ойынына не
қолданылады? Бос орынға қажет заттың суретін салып, боя.
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің? Достарыңмен бірге
өз ойыңды бөлісіп, әңгімеле. Ұлттық ойынға қажетті заттардың
суретін сал.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әннің ырғағы мына
сызбалардың қайсысына сәйкес келеді? Өз таңдауыңды сызықтарды
бастырып сызу арқылы көрсет. Ұлттық ойын бейнеленген суреттерді
сызық арқылы қоржынға сал.
Қандай халық әндерін білесің? Ол ән қандай аспаптың сүйемелдеуімен
орындалады деп ойлайсың
|
«Көкпар» ән
«Былқылдақ» күйі
«Жомарт елім» әні
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
№47-48 МАД музыка.
Тақырыбы: « Киіз үй »
|
Мектеп/Мұ:
№156 Н Бекежанов
|
күні:19 03-6.04..2018ж
|
Педагогтің аты-жөні:Сардарбекова Қ
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына, қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.2.2. Таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып би орындау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына, қарқынына, динамикасына, ырғақтық суреттеріне
сәйкес ән сала алады.көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) ажырата алады.
кейбір балалар:
Таныс би элементтері мен қозғалыстары негізінде оларды араластыра отырып немесе өз қозғалыстарын ойдан шығарып суырырыпсалма би орындай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Тақырып бойынша өз ойларын жеткізуге тырысады.
Сүйікті әндері туралы әңгімелей алады.
Көптілділік: киіз үй – юрта – yurta
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Салт-дәстүр, киіз үй, киіз басу.
Пікір алмасу сұрақтары:
Салт-дәстүр деп нені айтамыз?
Киіз үй қандай болады, қандай бөліктерден тұрады?
Күйге қай ұлттың би қимылдары дұрыс келеді?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Еске түсіріп, қандай тақырыпта музыка тыңдап, ән айтқанымызды қайталаймыз.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Көңілді музыка әуенімен балалармен амандасады. Шеңбер бойымен би
қимылдарының элементтерін жасайды, естеріне түсіреді.
Біздің ата-бабаларымыз ерте кезде көшіп-қонып жүретін
болғандықтан, көшуге ыңғайлы киіз үйде тұрған. Киіз үй жиналмалы
болады. Төбесінде шаңырағы, керегесі, уықтары болады.
Сырты киізбен қапталады.
Қыста жылы, жазда салқын болады. Киіз үйдің бұрышы болмайды,
дөңгелек. Бүгін сол киіз үй туралы әңгіме өткіземіз
|
Киіз үйдің суреті,
макеті, бөлшектері,
жабдықтары.
Слайдтар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Қазағымның қасиетті ақ үйі»
(муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева).
Балаларға интерактивті тақтадан киіз үйді, оның бөлшектерін көрсету.
Балалармен киіз үй туралы әңгімелесу. Ертедегі ата-бабаларымыз осы
киіз үйде тұрғандарын, көшіп-қонуға ыңғайлы екенін түсіндіру.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары:«Қара жорға» (халық күйі).
«Қара жорға» күйіне негізделген әуенді «гу» буынында орындау.
Орындағанда ерін жиырылып, таңдай жоғары көтеріледі. Терең тыныс
алып, дем сыртқа еркін шығарылуы керек. Ырғағына айрықша мән
беру.
(Т, Ж) Ән айту:«Киіз үй» (муз. Ж. Тұрсынбаев, сөзі Қ. Баянбаев).
Педагог әуенді орындап, балалардан әңгімелеп берулерін талап етеді.
Әннің сипатына, қарқынына, динамикасына тоқталып, балалармен
сұрақ-жауап арқылы талдайды. Ән айту барысында бір-бірін тыңдай
отырып орындауларын қадағалау.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Киіз басу» (Келіншек)
(халық күйі, өңдеген Б. Дәлденбай).
Қазақтың би элементтерін еске түсіре отырып балалардың ойдан
суырыпсалма (импровизация) қимылдармен билеулеріне мүмкіндік
беру.
Ұлттық ойын «Асық ату».
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әнді тыңдағанда көз
алдыңа нені елестеттің? Киіз үйдің жиһаздарын ата. Сурет бойынша
әңгіме құрастыр.
Киіз үйдің құрылысын айтып бер. Қандай бөліктерден тұрады?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Суреттегі киіз үйдің
ою-өрнегін мұқият қара. Бұл ою түрі қалай аталады? Ою-өрнекті
бастырып сызып, боя.
Қазақтың ұлттық қолөнерімен танысайық. Алашаны түрлі түсті әдемі
жіптермен тоқыған. Ал текеметті, киізді қойдың жүнінен басқан. Олар әдемі ою-өрнекпен безендіріледі.
|
«Қазағымның
қасиетті ақ үйі» әні
Интерактивті тақта,
киіз үй, оның
бөлшектері
«Қара жорға» күйі
«Киіз үй» ән
«Киіз басу»
(Келіншек) күйі
Нота
хрестоматиясы
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
№49-50 МАД музыка.
Тақырыбы: « Наурыз – жыл басы »
|
Мектеп/Мұ:
№156 Н Бекежанов
|
күні: 6.04.- 9.04.2017ж
|
Педагогтің аты-жөні:Сардарбекова Қ
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қимылдар жасай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Тыңдаған музыкалары туралы ойларын жеткізе алады.
Салт-дәстүрлер туралы, наурыз мерекесі жайында түсініктерін айтады.
Көптілділік: мереке – праздник – holiday.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ырғақ, салт-дәстүр, наурыз.
Пікір алмасу сұрақтары:
Наурыз мерекесі туралы не білесің?
Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
Мерекеде ойналатын қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
Музыка жанрларын ажырата аласың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақта қандай тақырыпта ән айттық, қандай музыка тыңдадық?
Естеріне түсіріп, қимыл-қозғалыстар жасайды.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Көңілді музыка әуенімен балалар амандасады. Шеңбер бойымен би
қимылдарының элементтерін жасайды.
– Балалар, сендер наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?
– Ол мереке қай кезде болады, тойланады және «наурыз» деген сөз не
мағынаны білдіреді?
Наурыз – күн мен түннің теңескен күні, жердің жаңарып, табиғаттың
оянған кезі.
Аңдар ұйқыларынан оянып, сай-саланы су алып, жер бусанады.
Халқымыз үшін ең үлкен мереке
|
Наурыз мерекесі
тойланып жатқан
суреттер,
қайнаған қазан,
ұлттық ойындар
ойнаған балалар,
көкпар тартқан
үлкендер
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т, Ж) Музыка тыңдау: «Қосалқа» (Дәулеткерей).
Домбыра – қазақтың халық аспабы. Халқымызда домбыраны
киелі аспап деп атайды. Өйткені адам тілімен жеткізе алмаған
оқиғаларды күй арқылы жеткізуге болады. Күй созылмалы, баппен
орындалады.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Қоңырау»
(муз. К. Қуатбаев, сөзі А. Асылбек).
Жаттығу көңілді орындалады
Ноталардың ұзақтықтары әртүрлі болғандықтан, дұрыс орындалуына
көңіл бөлу.
(Т, Ж) Ән айту:«Наурыз тойы» (муз. О. Пелевина, сөзі Г. Құрымбаева).
Наурыз мерекесі қандай мереке екенін балаларға түсіндіру.
Мерекеде қандай тағамдар болатынын, әдейі мерекеге арналған
наурызкөже туралы түсініктер беру.
Әннің көңіл күйін ажыратып, ырғақты ұстап орындауды қадағалау.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс:
«Сақина салу» (ән-ойын, өңдеген Е. Брусиловский).
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі саналатын «Сақина салумен»
таныстыру, ойнау.
Ойыннан жеңілген бала өз өнерін көрсетеді, ән салады, би билейді,
тақпақ айтады.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы. Күй қай аспапта
орындалады? Домбыра аспабының құрылысын әңгімеле.
Суретті бастырып сызып, аспаптың түсіне сәйкес боя.
«Қосалқа» күйін тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің?
Қыздарға арналған қандай ұлттық әшекей бұйымдарды білесің?
Атап, айтып бер.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Наурыз мерекесі
туралы не білесің? Бұл мерекені отбасыңмен қалай атап өтесің?
Неліктен наурызды «жыл басы» деп айтады?
Суретке қарап, наурыз мерекесі туралы әңгімелеп бер.
Көктемнің алғашқы гүлдері – бәйшешек, қызғалдақ.
Қалаған гүліңнің суретін сал.
|
«Қосалқа» күйі
«Қоңырау» әні
«Наурыз тойы» ән
«Сақина салу»
(ән-ойын
Әліппе-дәптер,
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:_________________ №51-52
Тақырыбы: « Наурызкөже »
|
Мектеп№278
|
күні: 8.04
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын) тембріне қарап ажырату.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.2.2. Таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып орындау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарай ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
кейбір балалар:
Таныс би элементтері мен қозғалыстары негізінде оларды араластыра отырып немесе өз қозғалыстарын ойдан шығарып суырыпсалма би орындай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Наурыз мерекесі туралы кеңінен әңгімелей алады. Мерекеде ойналатын ұлттық ойындарды сипаттай алады.
Наурызкөженің неден жасалатыны туралы жақсы біледі және айта алады.
Көптілділік: сусын – напиток – drink.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Наурыз, наурыз тойы, наурызкөже.
Пікір алмасу сұрақтары:
Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?
Наурыз мерекесінде ойналатын қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
Наурызкөжеге неше түрлі тағам салынады және қандай?
«Қара жорға» биіне ойдан би элементтерін қолданып билеңдер.
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен тоқсанда айтқан әндерің естеріңде ме? Әндерді есімізге түсіріп қайталайық.
Өткен әндерден попурри орындау. Қандай музыкалық шығармалар тыңдадық және олар не туралы еді?
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалармен музыкалық сәлемдесу.Шаттық шеңберін жасау.
«Қайырлы таң, туған жерім!», «Қайырлы таң, алтын күн!», «Қайырлы
таң, алтын ұям!», «Қайырлы таң, достарым!»
Бір-біріне алақандарының жылуын жеткізу.
Педагог балаларға Наурыз мерекесінде қандай тағамдар болатынын,
әдейі мерекеге арналған наурызкөже туралы түсініктер береді.
|
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: « Тойбастар» (муз. Б.Аманжолов).
Балалардан музыканың көңіл күйі туралы сұрау.
Шығарманы тыңдай отырып не елестеттіңдер?
Педагог музыканы тыңдата отырып көңілді музыка адам жанын
жадырататынын, көңілсіз музыка жанды жабырқататынын түсіндіреді.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди» (халық әні).
Ән ұйықтар алдында орындалатындықтан айқайламай, бірқалыпты
байыппен айту қажет.
(Т, Ж) Ән айту: «Наурызкөже»
(муз. А. Райымқұлова, сөзі А. Шаяхметов).
Ән көңілді, сергек орындалады. Ән айту кезіндегі ережелерді еске
түсіру. Ән туралы балалармен әңгімелесу. Балалардың есту, есте сақтау қабілеттерін қадағалау.
(Ж, Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Қара жорға» (халық әуені).
Балалар жұптасып, жеке би қимылдарын жасайды. Буын биі аталатын бұл билер ерте кезден келе жатыр. Бұл бидің ерекшелігі – жас баладан еңкейген қарияларға дейін билейді.
Балаларға өз беттерінше қимыл жасауға мүмкіндік беру.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Наурызкөжеге қанша
тағам түрлері қосылады? Наурызкөжеге салынатын тағамдарды
қазанға сызық арқылы қос. Пайдалы сусындар туралы не білесің?
Олар қайдан алынады?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Күйді тыңдағанда көз
алдыңа не елестете алдың? Қандай музыкалық аспаптардың даусын
естідің? Мына суреттер ішінен қайсысы осы тақырыпқа сай келеді деп ойлайсың? Күйдің мазмұнына сәйкес келетін суреттерді белгіле.
Наурызкөже ішетін тостаған ағаштан жасалады. Ал торсық сусынды
жолға алып жүруге арналған. Торсық теріден жасалады
|
«Әлди-әлди» әні
«Наурызкөже» әні
«Қара жорға»
халық әуені
Әліппе-дәптер
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:_____________________ №53-54
Тақырыбы: « Пайдалы жемістер »
|
Мектеп№278
|
күні: 15.04
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы
айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілеттеріне сүйеніп ән сала алады.көпшілік балалар:
Музыка жанрларын (ән, күй, би, марш) ажырата алады.
кейбір балалар:
Балаларға арналған ұрмалы аспаптарда (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған), жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Көгөністерді жемістерден ажырата алады.
Әннің мазмұнын түсініп, оны өз сөздерімен түсіндіре алады.
Көптілділік: жемістер – овощи – vegetables.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Күй, марш, би, полька, вальс.
Пікір алмасу сұрақтары:
Неліктен жемістер пайдалы деп атаймыз? Несімен пайдалы?
Музыка жанрларын (ән, би, күй, полька, вальс) ажырата аласың ба?
Қандай биді ұнатасың?
Музыка ырғағына ілесіп ойдан би қимылдарын жасай аласың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Ырғақты қозғалыстарда қандай би қимылдарын жасағандарын еске алып, қимыл жасайды.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалармен амандасу. Ұрмалы музыкалық аспаптарда үйренген
әуендерді еске түсіріп қайталау.
Проблемалық сұрақ:Пайдалы және салауатты тағам деген не?
Педагог балалармен пайдалы және пайдалы емес тағам туралы әңгіме
өткізеді.
– Балалар, сендер түрлі жанрда, түрлі ырғақта, түрлі көңіл күйде
музыка тыңдадыңдар. Бүгін жанрларға тоқталамыз.
«Күй» не екенін білесіңдер, күй – аспаптық музыка, зейін салып
тыңдасақ, не туралы екенін түсінуге болады. Көбіне домбырамен
орындалады. Би музыкаларына «полька», «вальсті» жатқызуға болады.
«Полька» – жеңіл, ойнақы болса, «вальс» – қалықтап, айналып
биленеді. Музыка тыңдап, жанрларды ажыратайық
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
карточкалар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Алатау» күйі (Құрманғазы), «Полька», «Вальс», «Би әуені» (муз. Г. Левкодимова).
Балалардан қандай жанрларда музыка тыңдағанымызды сұрау.
Полька мен вальстің айырмашылықтары неде екенін сұрау, түсіндіру.
Күй туралы мағлұмат беру.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Жоғарыға шығамыз, төмен қарай
түсеміз».
Әуенді біртіндеп көтеріп, жоғары дыбысқа жеткенде дауысты қаттырақ шығарып, айқайламай, демді үнемдеп шығарып, біртіндеп төмен қарай түсеміз.
(Т, Ж) Ән айту: «Жемістердің пайдасы» (муз. Ә.Қонысбеков, сөзі
Ұ.Қонысбекова).
Педагог әнді орындап, таныстырып болған соң, әннің не туралы
айтылғанын әңгімелейді. Балалардан не туралы айтылып отырғаны
сұрақ-жауап арқылы сұрайды. Әннің көңіл күйі туралы, қарқыны
қандай күйде жазылғаны туралы түсінік алады. Ән орындау кезінде
бір-бірін тыңдап, үйлесімді орындауларын талап етеді.
(Т, Ж) аспапта ойнау:«Қандай аспап?» – асатаяқ, тұяқтас, үшбұрыш,
ксилофон, металлофон аспаптарының үндерінен есту қабілеттері
арқылы дыбыстарынан ажырату.
Қай аспаптың қалай дыбысталатынын айтып беру.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Саған қандай жемістер
мен көгөністер ұнайды? Олардың қандай пайдасы бар?
Жұмбақтарды шешіп, пайдалы жемістер мен көгөністің аталуын тап.
Жемістерді қызыл түспен шыны ыдысқа, ал көгөністерді жасыл түспен себетке жина.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Алатау тауы еліміздің қай жерінде? Басқа қандай тауларды білесің?
Күйдің екпіні, ырғағы қандай?
Суретті күйдің мазмұнына сәйкес түстерді таңдап, боя.
Музыкалық аспаптардың дыбысталуын еске түсірейік.
Олардың дыбысталуы әртүрлі: жоғары, төмен болады.
|
«Алатау» күйі
«Полька», «Вальс»,
«Би әуені»
«Жемістердің
пайдасы» әні
Асатаяқ, тұяқтас,
үшбұрыш,
ксилофон,
металлофон
Әліппе-дәптер
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:____________________ №55-56
Тақырыбы: « Су – өмірдің өзегі »
|
Мектеп№278
|
күні: 22.04
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын (көңілді, салтанатты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
кейбір балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Су туралы, оның пайдасы туралы әңгімелей алады.
Әнді тыңдай отырып түсінгендерін өз сөздерімен айта алады.
Көптілділік: су – вода – water.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Динамика, ырғақ, қарқын.
Пікір алмасу сұрақтары:
Судың қандай пайдасын білесің?
Музыка саған қандай көңіл күй сыйлайды?
Әуенге ілесіп өз бетіңше қимыл жасаған саған ұнай ма?
Ән салғанды ұнатасың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақта қандай музыкалық шығарма тыңдадық, қандай ән айттық, ән не туралы
болды? Өткен сабаққа шолу жасау
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалармен амандасу.Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне алақан
жылуларын беріп, кезектесіп тілек айтады
– Балалар, біз күнделікті өмірде судың қандай пайдасы бар екенін
жақсы білеміз. Сусыз өмір сүру мүмкін емес, судан тамақ жасаймыз,
жуынамыз, кір жуамыз, ішеміз т.б. пайдаланамыз. Бүгінгі сабағымыз
осы су туралы болмақ.
(Т) Музыка тыңдау: «Аққу көлі» (муз. П.И. Чайковский).
Балаларға музыка тыңдатып, сипатын ажырату. Музыка тыңдаған
кезде не елестеткендерін, қандай көңіл күйде отырғандарын сұрау.
Композитордың басқа да шығармаларын атап көрсету.
|
«Аққу көлі»
(үзінді)
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Саржайлау» (Тәттімбет)
«Саржайлау» күйінің негізгі әуенін «ля» буынымен орындау. Асықпай дем алып, ауызды дөңгеленте кеңірек ашып, тілдің ұшын таңдайға тіреп айтуды түсіндіру керек. Денені еркін ұстауға, дыбыстарды таза айтуға үйрету.
(Т, Ж) Ән айту: «Су – өмірдің өзегі»
(муз. Ә. Қонысбеков, сөзі Ұ. Қонысбекова).
Әнді педагог орындап болған соң, әннің мазмұнын сұрау, су туралы
балалармен әңгіме өткізу. Әннің көңіл күйін ажырату, қарқынына,
ырғағына сәйкес әнді таза орындауларын қадағалау.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыстар: «Көбелек биі» (биді қойған
Д.Әбіров). Жеңіл музыка әуеніне ілесіп мәнерлі қимылдар жасау.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:Аққу қандай құс?
Хайуанаттар бағына барғанда аққуды көріп, ол туралы біліп ал.
Шығарманы мұқият тыңда. Қандай әсер алдың? Сипаты, ырғағы
туралы әңгімеле.
Шығарманың мазмұнын көрсететін суретті таңдап, дөңгелекті бояп
көрсет.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Судың пайдасы
туралы не білесің? Күнделікті өмірде қалай қолданасың?
Суды неліктен үнемдеп жұмсау керек? Әннің мазмұнын әңгімелеп бер
Әннің көңіл күйін, әуенін, жоғары және төмен дыбыстарын анықта.
Суреттегі тышқан мен аюдың жоғары басқышқа қайсысы лайықты?
Ал төменгі басқышта ше? Сызықпен қосып көрсет.
Көбелектер неге ұқсайды? Көбелектің түсі қандай болады?
«Көбелек» биінің екпіні, ырғағы қандай?
|
«Саржайлау» күйі
«Су – өмірдің өзегі»
Әні
«Көбелек биі»
Әліппе-дәптер
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:_____________________ №57-58
Тақырыбы: «Алматының алмасы »
|
Мектеп№278
|
күні: 29.04
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Сүйікті қаламыз Алматы жайында біледі. Әлемге танылған апорт жайында әңгіме айта
алады.
Көптілділік: алма – яблоко – apple.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз, қарқын, екпін.
Пікір алмасу сұрақтары:
Апорт деген қандай алма?
Алматы туралы не білесің, қандай көрікті жерлерін білесің?
Айтылып жүрген әндердің күшті, әлсіз бөліктерін ажырата аласың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақтағы әндерді қайталау, еске түсіру, тыңдаған шығармалар не жайында болғанын еске түсіру.
Ырғақты әндерге қосылып қимыл-қозғалыстар жасау
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалармен амандасу. Өткен сабақтағы әндерді педагог орындағаннан
кейін келесі әнге ауысқанда балаларды қызықтыру.
Әңгіме өткізеді:
– Еліміздің ең ірі қаласы қай қала екенін білесіңдер ме? Қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
Алматы – өте әсем қала, онда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны,
Көктөбе, Опера және балет театры, Республика сарайы т.б. көптеген
көрікті жерлері бар. Алматыда әлемге әйгілі апорт алмасы өседі. Бүгін осы әсем қала туралы музыка тыңдап, апорт туралы ән үйренеміз
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
карточкалар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Алматы»
(муз. Е. Хасанғалиев, сөзі А. Асылбеков).
Балалардан тыңдаған музыка не туралы екенін сұрау, әннің қандай
көңіл күйде жазылғанын әңгімелеу.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Былқылдақ» (Тәттімбет).
«Былқылдақ» күйінің негізгі әуенін «ду» буынында айтқызу. Терең
тыныс алып, демді сыртқа еркін шығаруға үйрету. Орындағанда ерін
жиырылып, таңдай жоғары көтеріледі, тіл артқа қарай жылжиды.
(Т, Ж) Ән айту: «Мен алманы жақсы көрем»
(муз. мен сөзі Д. Қиқымов).
Әлемге әйгілі Алматының алмасы – апорт туралы балалардың пікірін
тыңдау, әңгіме өткізу. Әннің сипатын ажырату. Әнді бірқалыпты,
бір-бірін тыңдап, бірге қосылып айтуға үйрету.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыстар: «Билеп үйренеміз»,
«Билейміз» (муз. М.Мусоргский).
Музыка әуеніне қосылып, сипатына сәйкес ырғақты сақтай отырып
мәнерлі қимыл-қозғалыстар жасау.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Неліктен алманың
отаны Алматы деп айтады? Алманың қандай пайдасы бар?
Алма қандай түстерде болады? Ертегіден келген қонақтарға алмаларды тарту ет. Бір тәрелкеде әр түстегі алмалар болатындай етіп боя.
Алманы кейіпкер санына қарай сызықпен қос.
Апорт деген қандай алма? Оның түсі, көлемі, дәмі қандай болады?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Алматының қандай
көрікті жерлерін білесің?
Суреттерге қарап, достарыңмен бірге әнгімеле. «Алматы» әнінің
мазмұны туралы әңгімелеп бер. Әннің екпіні, ырғағы қандай?
|
«Алматы» әні
«Былқылдақ» күйі
«Мен алманы
жақсы көремін» әні
«Билеп үйренеміз»,
«Билейміз» (муз.
М. Мусоргский)
Әліппе-дәптер
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:_____________________ №59-60
Тақырыбы: « Спорт – біздің досымыз »
|
Мектеп№278
|
күні: 6.05
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату.
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Сұрақ-жауап кезінде тілді нақты пайдалануға дағдыланады.
Әннің мазмұнын түсіне отырып ойларын жеткізуге тырысады.
Көптілділік: спорт – спорт – sport.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Спорт маршы, аяқдопшы, ашық-жарқын.
Пікір алмасу сұрақтары:
Музыканы тыңдай отырып не елестеттіңдер?
Спорт туралы не білесіңдер?
Әнде не туралы айтылған, спорттың ондай түрін білесіңдер ме?
Музыка әуеніне ілесіп ленталармен жаттығу жасаған сендерге ұнады ма?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақта қандай тақырыпта ән айтып, қандай қимыл жасағанымызды еске түсіреміз.Қандай музыкалық шығарма тыңдағанымызды, не туралы әңгіме жүргізгенімізді
пысықтаймыз.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалармен амандасу. Өткен сабақтағы материалдарды қайталап еске түсіру. Аспапта ойнаған әуенді шапалақпен ырғаққа келтіріп ұру.
Проблемалық сұрақ: Деніміз сау болуы үшін не істеу керек?
Балалар ой қорытып, спортпен айналысу керек деген тұжырымға
келеді.Спорттың қандай түрлерін білесіңдер? Бүгінгі сабағымыз осы спорт туралы. Әлемге әйгілі спорт түрі аяқдоп (футбол) туралы ән үйренеміз
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
карточкалар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Спорт маршы» (муз. В. Соловьев-Седой).
Әуенді тыңдап, бұл музыкаға қандай қимыл жасауға болатынын сұрау.
Шығарманың күшті, әлсіз бөліктерін ажыратуға үйрету.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Тойбастар» (муз. Д. Нұрпейісова).
Күйдің негізгі әуенін «ләй» буынында орындау. Терең дем алып,
дауысты еркін шығаруға үйрету. Сегіздік, оналтылық ноталарды
орындау ерекшеліктеріне көңіл аудару.
(Т, Ж) Ән айту: «Аяқдопшы» (муз. Т. Кулинова, сөзі. Б. Тобаяқов).
Әннің сипатына көңіл аудару.
Қандай көңіл күйде жазылған? Әннің мазмұны не туралы?
Спорттың бұл түрін бұрын естігенің бар ма?
Өздерің бұл ойынды ойнап көрдіңдер ме?
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Лентамен жаттығулар»
(муз. Д. Шостакович (вальс).
Вальс ырғағында ленталармен созылмалы қимылдар жасау.
Лентаны жоғары-төмен көтеріп, түсіру, оңға-солға бұлғап мәнерлі
қозғалыстар жасау.
Вальс әуенінде екпінге ілесіп қимылдау
Ұлттық ойын «Аққу-қаздар».
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Әуен қалай аталады? Екпіні қандай? Әңгімеле. Суреттердің қайсысы
тыңдаған шығармаға сәйкес келеді? Таңдаған суретіңді белгіле.
Спорт ойындарының қандай түрлерін білесің? Спорт не үшін қажет деп
ойлайсың? Суреттегі спорт ойыны қалай аталады?
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:Саған спорттың қай
түрі ұнайды? Неліктен? Суреттегі аяқдопшыларға өздеріне лайықты
доптарын сызық арқылы қос.
Мәнерлі би қозғалыстарын доппен, таяқшамен, таспалармен жасайды
|
«Спорт маршы»
музыкасы
«Тойбастар»
Музыкасы
«Аяқдопшы» әні
«Лентамен
жаттығулар»
(вальс)
Әліппе-дәптер,
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:______________________ №61-62
Тақырыбы:
« Шыныққан шымыр баламыз »
|
Мектеп№278
|
күні: 13.05
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.1. Таныс әндердің қарапайым әуендерін ажырату.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты мәнерлі қозғалыстар орындау
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Таныс әндердің қарапайым әуендерін ажырата алады.
көпшілік балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап,
есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
кейбір балалар:
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты мәнерлі қозғалыстар жасай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Берілген тақырып бойынша өз ойларын айта алады.
Көптілділік: денсаулық – здоровье – health.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Вальс, марш, полька, шыныққан, шымыр.
Пікір алмасу сұрақтары:
Марштың вальстен қандай айырмашылығы бар?
Дені сау, шыныққан болу үшін қандай шаралар жасау керек?
Таңертеңгі жаттығудың қандай пайдасы бар?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Өткен сабақта қандай тақырыпта әңгіме өткіздік, есімізге түсірейік, қандай музыка
тыңдадық, қандай ән айттық?
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Педагог балалармен әндетіп амандасады. Өткен сабақты естеріне
түсіреді. Балалармен қандай ән айтқанымыз, қандай қимыл-қозғалыс
жасағанымыз туралы қайталаймыз.
Проблемалық сұрақ: Дене шынықтырумен айналысу балаларға не
береді?
Мынандай тұжырым жасалады: дене шынықтыру балаларды мықты,
дені сау, төзімді, күшті етеді.
Біз денсаулықты шыңдау шынығуға байланысты екенін жақсы білеміз.
Жорықтарға шығу, жол жүру – бәрі денсаулыққа пайдалы. Дені сау
азамат қана елін, жерін қорғай алады. Жорыққа шығып, жол жүргеннің
қандай қызық екенін әуенді тыңдай отырып талдайық.
|
Музыкалық
сүйемелдеу
Үлестірмелі
Карточкалар
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау: «Жол жыры»
(муз К. Қуатбаев, сөзі Ә. Дүйсенбиев).
Әнді тыңдап, не туралы айтылғанын әңгімелеу. Музыканың көңіл
күйін ажырату, қандай екпінде орындалғанына көңіл аудару.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары:«Қоңырау»
(муз. К. Қуатбаев, сөзі А. Асылбек).
Әннің сөзін айтпай-ақ «ля» деп айтуларына болады.
Терең дем алып, демді үнемдеп шығарып айтуға үйрету.
(Т, Ж) Ән айту: «Ел қорғауға әзірміз»
(муз. К. Қуатбаев, сөзі М. Әлімбаев).
Педагог әнді орындап, балалармен сұхбат жүргізеді.
Ел қорғау үшін алдымен шыныққан шымыр болуы тиіс.
Балалардың сұрақ-жауап арқылы ойларын ортаға салуға, іркілмей
жауап берулеріне мүмкіндік жасау.
Әнді орындау кезінде тыныс алу жағына көңіл бөліңіз.
(Т, Ж) Музыкалық-ырғақты қозғалыстар: «Таңертеңгі жаттығу»
(муз. А. Тани, сөзі А. Естенов), «Қара жорға» халық әуені.
Шынығуды таңертеңгі жаттығудан бастау керек.
Сонда күні бойы сергек жүресіңдер.
«Қара жорға» әуеніне қимылдар жасап көрсету.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әнде не туралы
айтылған? Мазмұнын әңгімеле. Әуені, екпіні қандай?
Жолға, жорыққа шығып көрдіңдер ме? Жолға жиналғанда қандай
заттар қажет? Суретке қарап, достарыңа өзіңнің күн тәртібің туралы
айтып бер. Мұқият қарап, дұрыс реттілігін цифрмен белгіле.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Ән саған ұнады ма? Шыныққан бала болу үшін не істеу керек?
Қажетті суретті тауып, дөңгелекті боя.
«Ел қорғауға әзірміз» әнінің мазмұны не туралы? Ержеткенде өз
Отаныңды қалай қорғайсың? Сурет бойынша әңгімеле.
«Ел қорғауға әзірміз» әнінің ырғағы, екпіні қандай? Берілген
сызықтардың қайсысы әннің ырғағына сәйкес келеді? Өзің таңдаған
сызықты көк түспен бастырып сыз
|
«Жол жыры» әнІ
«Қоңырау» әнІ
«Ел қорғауға
әзірміз» әні
«Таңертеңгі
жаттығу» әні
«Қара жорға»
халық әуені
Әліппе-дәптер
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Бекітемін:____________________ №63-64
Тақырыбы: «Шақырамыз жарысқа »
|
Мектеп№278
|
күні: .20.05
|
Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г
|
ТОП: МАД
|
Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:
|
Сабақтың оқытылу
мақсаттары:
|
0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).
0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты,
ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
0.3.2.2. Таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып
орындау.
|
күтілетін нәтиже
|
Барлық балалар:
Музыкалық шығарманың сипатын (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) ажырата алады.
көпшілік балалар:
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
кейбір балалар:
Таныс би элементері мен қозғалыстары негізінде оларды араластыра отырып немесе өз
қозғалыстарын ойдан шығарып суырыпсалма би орындай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Балалар:
Сұрақ-жауап кезінде түсінікті сөйлеуге дағдыланады.
Өздерінің сүйікті әндері, шығармалары туралы ойларын әңгімелейді.
Көптілділік: жарыс – соревнование – competition.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Жоғары, төмен дыбыстар, дыбыс биіктігі.
Пікір алмасу сұрақтары:
«Жарыс» деген сөзді қалай түсінесің?
Сен жарысқа түсіп көрдің бе?
Әннің қарқыны, динамикасы, екпіні туралы не айта аласың?
Ойдан шығарып суырыпсалма орындау дегенді қалай түсінесің?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Балалар өткен сабақта үйренген әндерін қайталайды, сол әуенге сәйкес би қимылдарын
жасайды, шығармашылықтарын көрсетеді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресустар
|
1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
|
Балалармен амандасу.Педагог таныс әндерді ойнайды,
балалар әуенге ілесе әндерді естеріне түсіріп орындайды. Өткен
шығармалардан үзінділер ойнап, тыңдаған музыкаларын естеріне
т үсіру.
Педагог балалардың спорт жарыстары, Олимпиадалық ойындар
туралы не білетіндері жайлы әңгіме қозғайды.
Сендер бір-біріңмен жарысасыңдар ма? Қай кезде жарысасыңдар?
Жарысу арқылы сендер шыңдаласыңдар. Бүгін сол жарыс туралы ән
айтып, музыка тыңдаймыз
|
«Шақырамыз
жарысқа» әні
«Түлкі мен қаздар»
музыкасы
|
ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут
|
(Т) Музыка тыңдау:«Жарысамыз» (регтайм, муз. С. Джеплин),
«Шақырамыз жарысқа» (муз. М. Робер).
Музыка тыңдай отырып балалардан бұл шығарманың сипатын,
ырғағын, дауыс биіктіктерін сұрау.
– Тыңдап отырған музыкадан не елестеттіңдер?
– Бұл музыкаға қандай қимыл лайық?
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Шертер»
(муз. Б. Әлімжан, сөзі Ж. Маханбетова).
Әуенді орындау кезінде оналтылық ноталардың дұрыс шығуын
қадағалау, жоғарғы дыбысты алғанда ауыз қуысын кеңірек ашып, таза орындау.
(Т, Ж) Ән айту: «Шақырамыз жарысқа»
(халық әні, өңдеген Н. Әлімқұлов).
Әннің әуенін тыңдап, не туралы айтылғаны жайлы балалармен
сұхбаттасу. Сұрақ-жауап арқылы ойларын анық жеткізуге мүмкіндік
беру. Әннің сипатын ажыратып, екпінді дұрыс ұстау.
(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Түлкі мен қаздар»
(муз. К. Қуатбаев, сөзі А. Османов).
Музыкалы қимылды ойынды ойнау үшін атрибуттарды пайдаланған
жөн. Ойынды әндетіп жүріп ойнау керек. Әуен өзгергенде, қаз болған
балалар өте сақ болуы тиіс. Ойын өте көңілді ойналад
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Жарысамыз» әнінің екпіні қандай? Бұл әнді қандай аспаптардың
сүйемелдеуімен орындауға болады?
Қандай жарыс ойындарын білесің? «Кім жылдам?» ойынында кім
жеңіске жетеді? Достарыңмен жарыс!
Түлкінің қапшығына қызыл допты, қасқырға – жасыл, ал аюдың
қапшығына көк допты кім тез салады? Сызықпен қос.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы:
Ән әуені музыканың қай жанрына сәйкес келеді?
Қандай марш түрлерін білесің?
Марш әуені ойналатын аспаптарды белгіле.
«Жарыс» деген сөзді қалай түсінесің?
Достарыңмен қандай жарыс ойындарын ойнайсыңдар?
Орман тұрғындары көңілді жарысқа қатысады. Мәреге қайсысы
бірінші жетеді деп ойлайсың? Торкөзге цифрмен ретімен белгілеп жаз
|
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
|
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.
|
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар
|
Достарыңызбен бөлісу: |