Сабақ Тақырыбы: «Менің музыкалық әлемім»


Тақырыбы: « Астанаға саяхат »



бет2/3
Дата01.07.2023
өлшемі162,81 Kb.
#103924
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
МАД қмж

Тақырыбы: « Астанаға саяхат »

Мектеп № 278

күні: 14.01-15.01

Педагогтің аты-жөні:Мукеева Г

ТОП: МАД

Қатысқан балалар саны: Қатыспаған балалар саны:

Сабақтың оқытылу
мақсаттары:



0.1.1.5. Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – құс, орташа – қоян, төмен – аю) анықтау.
0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.
0.3.2.2. Таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып орындау.

күтілетін нәтиже

Барлық балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.
көпшілік балалар:
Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – құс, орташа – қоян, төмен – аю) ажырата алады.
кейбір балалар:
Таныс би элементтері мен қозғалыстары негізінде оларды араластыра отырып немесе өз қозғалыстарын ойдан шығарып суырыпсалма би орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Балалар:
Елордамыз Астана туралы білгендерін әңгімелейді.


Көптілділік: Астана – столица – capital.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Әуеннің динамикасы, жоғарғы регистр, Бәйтерек, елорда.
Пікір алмасу сұрақтары:
– Әуеннің ырғағы әртүрлі болады. Неліктен деп ойлайсың?
– Дыбыс қандай болады? (шулы және музыкалық)
– Әннің әуеніне қандай би қимылын ойлап табар едің?

Алдыңғы сабақтарда алған білім

Қарапайым әуендердің ырғағын ұрмалы аспаптармен ойнайды. Таныс әндерді
сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке және бірге еркін, таза орындай алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

1.дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу.«Сәлем! Привет! Hello!» (әндете амандасу).

(Т) Мимикалық жаттығу:«Көңілді және мұңды». Көңілді немесе


мұңды әуен ойналғанда сәйкес карточканы көрсетіп, мимикамен көңіл күйін білдіреді

Музыкалық
сүйемелдеу

Үлестірмелі


Карточкалар



ҰОҚ-нің ортасы
III. Тақырып бойынша
жұмыс
6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Гүл жайнаған Астана» (муз. мен сөзі Г. Жотаева).
Ән көңілді, жайдары орындалады.
Қарқыны мен динамикасы туралы тоқталып өту.
– Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?
– Астананы неліктен жас қала дейді?
Әннің мәтіні туралы әңгімелеу.
Елордам менің – Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті жаңа үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала! (Н. Қалқа)
(Т, Ж) дауыс жаттығуы:«Әуе шары».
Дұрыс тыныс алу ережесін сақтау үшін қолданылады.
Терең тыныс алу, үрлеп, «шарды үлкейту».
Көптілділік:Астана – столица – capital.
(Т, Ж) Ән айту: «Астанам – бас қалам» (муз. Ә. Қонысбеков, сөзі
Ұ. Қонысбекова).
Ұлы Қазақ ордасы –
Бәйтерегім Астанам!
Болашаққа Елбасы
Бәрімізді бастаған! (Д. Қиқымов)
Өлеңді мәнерлеп оқып, балалардың қызығушылықтарын ояту.
– Әннен қандай әсер алдың?
– Неліктен ән салтанатты, екпінді орындалады?
(Т, Ж) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Биге шақырамыз»
(Г.А. Портнов). Таныс би элементтері мен қимылдарды араластыра
отырып өз суырыпсалма өнерін көрсете білу.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Суретте қай қала
бейнеленген? Елордамыз Астана туралы әңгімеле. Бұл ғимараттар
қалай аталатынын анықта.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: «Бәйтерек» деп
не үшін аталғанын білесің бе? Әннен қандай әсер алдың? Неліктен
ән салтанатты, екпінді орындалады? Өз ойыңды әңгімеле. Әннің
мазмұнын есіңе түсіре отырып Бәйтеректің суретін боя.
Қазақстан көп ұлтты ел. Барлық ұлт тату өмір сүреді.
Суреттегі әр ұлт өкілдерінің өз сыңарын табуға көмекте

«Гүл жайнаған
Астана» әні
Аудиожазба
Музыкалық
сүйемелдеу
«Бәйтерек» әні
Бәйтеректің сурет

«Биге шақырамыз»


музыкасы
Би элементтері
көрсетілген
бейнежазбалар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар,
бояулар
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут

(Р)Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты
балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.
– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі
бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал
қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,
түрлі түсті
қарындаштар



Бекітемін:______________________


№35-36



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет