Сабақ тақырыбы Менің отбасымның рухани құндылықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу


Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)



бет3/5
Дата24.11.2022
өлшемі33,17 Kb.
#52458
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1547697460

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Ойлан» айдарындағы мәтінді оқу.
(Т) Тапсырма: отбасы мүшелері қандай сөздерді жазған? Оқулықтағы «Анықтауды үйрен»
айдары сендерге көмекке келеді («Ауысу» стратегиясы).
1) Топтар сұрақтарға жауап береді.
2) Мұғалімнің белгісінен кейін топтар орындарымен ауысады және басқа топтың жауабын толықтырады.
3) Барлық жауаптарды талқылау және сұрақтың нақты жауабын көрсету.
Дескриптор:
отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды;
Мұғалім: Отбасы дегеніміз – ұрпақтардың байланысы. Біреудің отбасы үлкен, біреудің отбасы шағын болып келеді. Әр отбасының өзіне тән ерекше ахуалы, ұрпақтан ұрпаққа берілетін өзінің отбасылық дәстүрлері, әдеттері, қызығушылықтары болады. Әр отбасының ерекшеліктері бар.
(Ж) Оқулықтағы «Мен хикаяшымын» айдарындағы тапсырма.
Мұғалім: Бір шаңырақ астында өмір сүретін отбасы мүшелері ортақ шаруашылықты жүргізеді, әрқайсысының, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз міндеттері бар.

  • Аналарың үйде немен айналысады, айтып беріңдерші (бірнеше оқушы айтып береді)

  • Ал әкелерің үйде қандай жұмыстарды істейді? (бірнеше оқушы айтып береді)

  • Ал аталарың мен әжелерің не істейді? (ата-әжесімен бірге тұратын оқушылар жауап береді)

  • Үйдегі бар шаруаны үлкендер жасаса, онда сендер немен айналысасыңдар? (ата- аналарымызға көмектесеміз, мектепте оқимыз).

(Т) Оқулықтағы «топта жұмыс жасау» тапсырмасы.
Жұмыстарды көрсету.
Мұғалім: Отбасының пайда болу тарихы тым тереңде жатыр деп айтуға болады. Отбасы мемлекет деген түсінік пайда болмай тұрғанда, өте ерте заманда пайда болды. Көп ғасырлық тарихында отбасы, әрине, өзгерді, бірақ мемлекеттер өзгергендей өзгерген жоқ. Неліктен отбасы институты өміршеңдік қасиетке ие болды? Себебі, өмірдің өзі қандай табиғи болса,
отбасы да сондай табиғи. Адамдардың өмірінде отбасының алатын орны өте зор. Отбасы – ол құндылық. Осы құндылыққа біздің мемлекетіміз үнемі қолдау көрсетіп отырады. Үкімет мемлекетте өмір сүретін отбасыларға қамқорлық көрсетеді. Отбасыны қолдайтын, оған демеу беретін әртүрлі заңдарды қабылдайды.
Оқулықтағы «Есіңде сақта! Еліміздің заңдарын оқып білеміз» айдарын оқу.
Мұғалім: Махаббат, сүйіспеншілік – отбасының барлық мүшелерін біріктіретін ең басты қасиет. Егер адам жақындарының тарапынан махаббат пен қамқорлықты сезінсе, кез келген жағдайда отбасыдан көмек пен қолдау табатынын біледі. Өзін батыл, күшті сезінеді. Отбасында отбасы мүшелері арасында жылы қарым-қатынас, өзара түсіністік, бауырмалдылық болса, онда ол отбасы мықты, ешқандай қиыншылықтан қорықпайтын тату-тәтті жанұяға айналады.
Мұғалім: Әр отбасының өз баспанасы бар. Мәселен, үй немесе пәтер. Ал сен болашақтағы өз үйіңді, шамамен, 20-30 жылдан кейінгі баспанаңды қалай елестетесің? Суретін салып, безендіріңдер.
Балалар сурет салады. Әсерлерімен бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет