II. Химия мұғалімі. – Қандай тақырыптарда біз "процент?” ұғымын қолданамыз (Ерітіндіге байланысты есептер шығаруда.)
– Ерітінді деген не? – Көбіне қандай зат еріткіш ретінде қолданылады? (Су.)
– Ерітіндінің сандық сипаттамасы не? (Концентрация.)
– Концентрацияны өрнектейтін белгілі тәсілді атаңдар. (Массалық үлес.)
– Ерітілген заттың массалық үлесі деген не? (Ерітілген заттың массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы.)
1)Ерітіндіге байланысты есептер шығаруда;
2)су
3)концентрация
4)массалық үлес
5)ерітілген заттың массасының ертіндінің жалпы массасына қатынасы
Қиярды тұздау үшін 6%-дық 3 кг.ас тұзының ерітіндісі дайындалды. Осындай ерітіндіні дайындау үшін тұз бен судың қандай массаларының қажет екенін есептеңдер. (Жауабы: 0,18 кг. тұз, 2,82 кг. су)
2
Дайын ерітіндінің массасын есептеу
Қызанақтың дәнін отырғызарда марганцовканың 15% ерітіндісімен дезинфекциялайды. Мұндай ерітіндінің қандай массасын 6 г марганцовкідендайындауға болады?
(Жауабы: 40 г.)
3
Ерітілген заттың массалық үлесін есептеу
Мырыш хлориді тұтқыр және асептикалық затретінде пайдаланылады. Фармацевт "Панацея" дәріханасы 100 г суға 5г мырыш хлоридін еріткен. Алынған ерітіндінің массалық үлесін анықтаңыз.(Жауабы: 4,8%)