Барлық оқушылар: Мәлімет кесте түрінде болатындығын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндік процессорда кесте құрудың түрлі жолдарын жасайды.
Кейбір оқушылар: Кесте мүмкіндіктерімен тәжірибе жүргізіп, күрделі құрылымдағы кесте құрады.
Бағалау критерийлері
1. Мәтіндік процессорда кесте элементтерін анықтайды.
2.Мәтіндік процессорда кесте элеметтерін пішімдейді.
3. Мәтіндік процессорда кесте құру әдістерін қолданады..
Ұйымдастыру кезеңі:
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды қима қағаздарын біріктіру әдісі арқылы «Кесте, Пішімдеу» екі топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал орнату мақсатында топтағы оқушылар сағат тілі бойынша «Тілек уақыты» бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Сабақ кезінде оқушылардың оқу мақсатын айқындау үшін қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылармен ақпараттың не үшін кесте түрінде берілетіндігі туралы талқылау.
Сендер осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында қандай кестелермен кездестіңдер?
Қандай түрдегі ақпаратты кестелерде ұсынған қолайлы?
Кері байланыс: Смайликтер
Білу деңгейінде «Түсініксіз тармақ» әдісін қолдануда мақсатым оқушылардың жаңа білімді қаншалықты деңгейде игергенін анықтау.
(Т) «Түсініксіз тармақ» әдісі бойынша оқушылар өздеріне таныс емес тармақты берілген уақытта оқып шығады
«Кесте» тобына Мәтіндік редакторда кесте құру
«Пішімдеу»» тобына Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру
Түсіну деңгейінде «Парасатты диалог» әдісін қолдануда оқушылардың берілген бөлімдерді бір-біріне түсіндіру, талқылау, білімдерін толықтыру аясында қолдандым.