Сабақ тақырыбы: Мұғалім қиялының кәсіби педагогикалық ерекшеліктері



бет3/5
Дата25.11.2023
өлшемі30,83 Kb.
#127065
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сілтеме:«Қиял туралы жалпы ұғым»
https://kitaphana.kz/refkaz/237-psikhologia/2752-iyal-turali-zhalpi-im.htm


Педагогикалық қиял – бұл өз іс-әрекетінің болашақта қалай болатындығын алдын ала білудегі арнайы қабілеттілігі, шәкірттің жеке басын тәрбиелік тұрғыдан жобалау. Бұл қабілеттілік педагогикалық оптимизммен байланысты, тәрбиеге сену, адамға сену
Осы процесстің адам өмірінде алатын орны ерекше. Әсіресе, мұғалімнің шығармашылық қиялы бүгініміз бен болашағымызды өзгертуге зор ықпал етері сөзсіз.
Творчестволық қиял деп өзіндік образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің, өнер қайраткерлерінің және мұғалімдердің іс-әрекетінде үлкен орын алады. Ақын-жазушының творчестволық қиялынан көркем-әдеби шығармалар туындаса, суретшінің қайталанбас еңбегі оның қиялының жемісі болмақ. Өнер саласындағы қай жан болса да өзінің творчестволық қиялының арқасында «өнер қайраткері» атана алады. Ал біздің мұғалім мамандарға осы қиялдың қандай қажеттілігі бар және оның нәтижесі қалай көрінеді?
Мұғалімнің шығармашылық қиялы оқушы немесе оның шәкіртімен тығыз байланысты. Оның шығармашылық қиялын жалпы және жалқы деген екі топқа бөлуге болады.
Жалпы дегеніміз - білім саласындағы көптеген оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру мақсатындағы шығармашылық қиял. Осы қиялдың арқасында көптеген дидактикалық еңбектер жарыққа шығады.
Жалқы дегеніміз- бір немесе екі озық шәкірттерді нәтижелі еңбекке баулу және оларды көшбасшы ретінде тәрбиелеу жолындағы шығармашылық қиялды айтамыз. Бұл қиялдың нәтижесінде олимпиада чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары тәрбиеленеді. Қиялдың екі түрінде де саналы мақсат қоя білу, болашақты болжай білу және іс-әрекеттің нәтижесін күні бұрын көре білу қажет.
Мұғалімнің кез-келген іс-әрекеті жұмыстың мақсаты мен мазмұнынан және оның күтілетін нәтижесінен тұрады. Оң нәтиже мұғалім қиялының ұшқырлығы мен дәлдігін білдіреді. Осындай шығармашылық қиялдың нәтижесінде В.А.Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегін жарыққа шығарса, Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін жазды.
Мұғалім алдына келген әрбір жеке тұлғаның болашағы жайлы терең ойланып, оның мақсаты мен мұратына адамгершілік тұрғысынан әсер ете білгенде ғана қоғамға пайдасы тимек. Мұғалім қиялының нәтижесі оның әр өткен сабағынан байқалады. Себебі, ол алдағы болатын сабаққа алдын ала дайындалып, өтілетін сабақты ой елегінен өткізе отырып мақсаты мен күтілетін нәтижесін айқындайды. Осы мақсатта түрлі дидактикалық еңбектер жазады. Сонымен қатар әр оқушының жеке ерекшеліктерін байқай отырып, шығармашылық қиялының арқасында оған дұрыс бағдар бере алады. Мұғалім өзінің шығармашылық қиялының арқасында әр оқушыны қоғамға қажетті азамат ретінде көре алады және осы мақсатта тәрбиелейді.

Бүгінгітаңдағыжасжеткіншектерпедагогикалықмамандықтарғасүйіспеншілікпенемес, қажеттілікпенкелуде. Сондықтан да, мамандықтыңқыр-сырынашу, мамандыққамахаббаттыоятужәне осы саладашығармашылыққиялдауүшінстуденттергенәтижелібағыт беру мәселесітуындапотыр. Осы мәселетұрғысынан, педагог мамандардыдайындаудаолардыңшығармашылыққиялынқалыптастыружәнедамытуүшін кем дегенде 10 педагогикалықәдебиетжәне 90 әдебикітаптыоқудыталапеткенжөн. Педагогикалықмамандықтаоқитынәр студент оқусоңындамемлекеттікемтиханменбірген осы әдебиеттербойынша да емтихантапсырса, болашақтаоларданжақсымұғалімдершығарысөзсіз.
Әрмұғалімалдыменөзініңшығармашылыққиялындамытып, қиялыныңжетегіменнәтижелііс-әрекетжасағандағанамәңгілікелдіңұрпақтарынтәрбиелейалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет