3- жаттығу: Сенің аяғыңның үлкен бақайында кішкентай қоңыз отыр. Міне ол жайлап жоғары өрмелеп барады: аяқтың табанның үстімен, жіліншік бойымен тізеге, одан кейін мықынға жетеді де, іш, кеуде жақты айналып өтіп, міне ол сенің иығыңа келді, қолдың бойымен түсіп алақанға, одан соң саусақтың бойымен оның ең ұшына келді. Кішкентай қоңыз тіпті салмақсыз, бірақ сен тиыш қана отырып, оның қалай және қайда өрмелеп бара жатқаны туралы қатты ойласаң, онда сен, оны әрине сезесің. Енді сен кішкентай қоңызды жайлап жерге қоясың, ол ұзақ жолдан соң аздап ұйықтап алсын. Ал сен кішкентай қоңызға өзіңнің не сезгенің туралы әңгімелеп бер және ойлап көр, ол саған не деп жауап берер еді.
4-жаттығу: Сенің басыңда көп кішкентай кнопкалар бар деп елестет, және оларды басқанда сен жылайсың, күлесің, ашуланасың, қорқасың. Қане, бұл нүктелерге ат қоялық: кнопка- қытық, кнопка-жымию, кнопка- ашу, ыза, кнопка-қорқыныш. Бұл кнопкаларды кім басады? Біреу оларды басқанда сен ТОҚТА деп айта аласың ба? Сенің өзің осы кнопкаларды баса аласың ба? Осы кнопкалардың біреуін таңда да, "жағып" (қосып), "сөндіріп" (айырып) көр. Ойлан, егер бұл кнопкалар сенің басыңда болса, олардың жұмысын кім басқарады?
5-жаттығу: Аяқ киіміңді шешіп, диван немесе креслода басыңмен төмен, ал аяғыңды жоғары жіберіп орналас. Еденді-төбе, ал төбені-еден деп елестет. Сен өзіңді бәрі кері төңкерілген басқа планетадамын деп елестет. Жерге қайтып оралғың келсе, дұрыс отыр, сонда бәрі орнына келеді. Не көргенің туралы әңгімеле немесе суретін сал.
Тапсырма №2
Сілтемеде көрсетілген оқулықтың 46-53 беттнрінен «Педагогикалық іс-әрекет түрлері» тақырыбын қысқаша конспектілеу, оқып, түсіну. «Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері» кестесін толтырыңыздар.
Диагностикалық қызмет
|
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет
|
Конструктивті-жобалаушылық
|
Ұйымдастыру-
шылық
|
Ақпараттық-түсіндірмелік
|
Коммуника
тивті ынталандырушы
|
Талдау-бағалау
|
Зерттеу-шығармашылық
|
Сілтеме: Ж. А. ЖҮСІПОВА«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» ОҚУЛЫҚ
http://rmebrk.kz/bilim/association/jusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 46-56 беттер
Тапсырма №3
Өз қиялыңыздан мұғалімдік мамандыққа, тәрбиеге байланысты ертегі ойлап шығарыңыздар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |