Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі29,86 Kb.
#52018
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
үлгі сабақ жоспары қаз

Грамматикалық материал
Ісқағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы
Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтарының бірі – ресми ісқағаздар стилі. Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігі сол, онда факті дәл көрсетіліп, жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені ісқағаздар да, ресми құжаттар да ерекше қатынас
құралы болып саналады. Ресми стильдің құрамында үш шағын стиль болады:
• заң ресми стилі (заң, жарлық, азаматтық және қылмыстық істер актілері, жарғылар);
әкімшілік-кеңсе ресми стилі (өкім, бұйрық, ісқағаздар: өтініш, өмірбаян, сенімхат, қолхат және т.б.);
• дипломатиялық шағын ресми стиль (нота, мазмұндама, меморандум, келісім, Конвенция және т.б.).
Ресми стильдің ауызша, жазбаша түрлері болады.
Есте сақта!
Барлық тілдің интонациясының ең басты да көпқырлы компоненті - әуен (мелодика).Әуеннің сөйлемдегі атқаратын қызметі әр алуан
1. Сөйлеу тілінің ағысын неше түрлі бөлшектерrе мүшелеп жіктейтін де, олар басын қосатын да әуен және кідіріс.
2. Сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда, яғни олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуіне қызмет етеді.
3. Сөйлемдердің жалпы мағынасын беруге грамматикалық және лексикалық тәсілдермен қосылып қатысады.
4. Сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізуде мәні зор.

-жинақы мәтін жазады

1.Б.Қапалбек, Ш.Ерхожина, Ж.Молшаева Қазақ тiлi. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Әдiстемелiк нұсқау, - Мектеп, 2020



Қолдану

70-74
75-79



Жазылым. 3-тапсырма.Әкімшілік-кеңсе ресми стилі бойынша қолхат, өтініш үлгілерін жазыңдар.
Үлгі: Қолхат
Мен, Алматы қаласы №1 гимназияның 11-сынып оқушысы
Тұрысбеков Дәурен, мектеп кітапханасынан М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын (екінші кітап) каникул кезінде үйде оқу үшін алдым.
Кітаптарды 5 қараша күні қайтаруға уәде беремін.
25.10.2019.______________________Тұрысбеков Дәурен
Алматы қаласы,№1 гимназияның
директоры А.Сағынышов мырзаға
11-сынып оқушысы Д.Тұрысбековтен
Өтініш
Менің 2020 жылы 10-15 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қысқы спорттық ойындар турнирінде ұзақ қашықтықтағы шаңғы жарысына қатысатынымды ескере отырып, көрсетілген күндері сабақтан босатуыңызды сұраймын.
Өтініш иесі:______________ Д.Тұрысбеков
8.01.2020.

- Ресми қарым - қатынас аясында ресми құжат түрлерін ажыратады.

2. Б. Қапалбек,
Ш.Ерхожина, Ж.Молшаева Қазақ тiлi. Оқулық + CD, -Мектеп, 2020



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет