Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
3-ші тур «Мақал - мәтелдер» Әрбір қатысушы аяқталмаған мақалдың жалғасын табады.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
Құрметті қатысушы жұп сіздерге үзік - үзік сөздерден мақал құрастыру керек болып тұр.
1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)
3. Ер... ез...(Ер бір өледі, ез мың өледі.)
4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)
5. Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
6. Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)
7. Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)
8... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9. Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)
10. Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)
4-ші тур «Кім тапқыр?» Бұл бөлімде топтарға жеміс, көкөністер беріледі, жұптасып бір бұйым жасауды тапсырамыз. Бірінші болған жұпқа ребус шешу тапсырылады.
5-ші тур. «Біздің өнеріміз» қатысушы жұптар өз өнерлерін ортаға салады.
Рефлексия. «Тілек гүлі»
Отбасы, ұшқан жанұя- жылылықтың, жылулықтың мекені. “Тілек гүлі” жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Қорытындылау:
Ал құрметті ата –аналар, оқушылар бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан ата-аналар мен оқушыларға алғыс білдіре отырып, балаларымыз біздерді тек жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін, үмітімізді ақтасын!- деп, сабағымызды аяқтаймыз.