Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік тілеймін!Асан мен Үсен Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді. Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың төмен жағы көл екен. Көлдің айналасы да, іші де құжынаған мал. Бір топ жылқы көл ішіне түсіп, белінен құраққа кіріп тұр. Сортаңды жағада түйелер жатыр. Бұларды көріп балалар қырдан түсті. Жүгіріп малға келді. Сөйтсе, өз ауылының малдары екен.
Малшылар Асан мен Үсенді көрді. Олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді. (93сөз) Ы.Алтынсарин Омоним болатын 2сөз жазу
1.Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
А) Жер бетінде таза су ресурстары көп емес. В) Қазақстанның көлдері ластанып жатыр.
С) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. D) Ғарыш ғылымының пайдасы бар.
E) Сусыз өмір жоқ.
2.Жанама толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
А) Адал бала анасын ұмытпайды. В) Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар.
С) Солтүстік Қазақстан- мұнайлы жер. D) Мен кітапты алдым.
E) Қазір 1,7 миллиард адам су тапшылығына ұшырап отыр.
3.Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы.
А) Бастауыш. В) Анықтауыш. С) Толықтауыш.D) Баяндауыш. E) Пысықтауыш.
5.Сөйлемнен анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Атақты Көшетау- сұлу жер. В) Қарағанды қаласының жарты миллиондай халқы бар.
С) Маңғыстауда мұнайдың сарқылмас қоры бар. D) Бұл аймақтарда тарихи және көрнекті жерлер бар..
E) Атырау өңірі мәдени ескерткіштерге бай.
6.Сөйлемнен тура толықтауышты табыңыз.
Адал бала өзінің анасын ұмытпайды.
А) Адал. В) Бала. С) Өзінің. D) Анасын. E) Ұмытпайды.
12.Кімнің? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
А) Анықтауыш В) Толықтауыш С) Пысықтауыш D) Бастауыш Е) Баяндауыш
13.Кіммен? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
А) Пысықтауыш В) Бастауыш С) Анықтауыш D) Баяндауыш Е) Толықтауыш
14.Анықтауыштың сұрағын анықтаңыз.
А) Қандай? В) Қалай? С) Қашан? D) Неге? Е) Немен?
15.Қашан? сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.
А) Себеп.
В) Мезгіл.
С) Мақсат.
D) Мекен.
Е) Дара.
16.Қайдан? сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.
А) Дара.
В) Күрделі.
С) Мақсат.
D) Мекен.
Е) Мезгіл.
Көп нүктенің орнына қажетті сөйлем мүшесін қойыңыз.
Қалаға … баруға болады.
А) Жетінші.
В) Автобуспен.
С) Біздің.
D) Алтау.
Е) Балалар.
Дұрыс жауап: В
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.
A) 2.
B) 5.
C) 3.
D) 6.
E) 4.
Дұрыс жауап: С
Толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол кітап сатып алды.
B) Алтын күз келді.
C) Жетісудың табиғаты көркем.
D) Ол жақсы оқиды.
E) Жібек жолы – сауда жолы.
Дұрыс жауап: С
Анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол кітапты көп оқиды .
B) Отан отбасынан басталады.
C) Таңғажайып табиғаты бар ел.
D) Түркістанға автобуспен баруға болады.
E) Шымкент пен Тараз оңтүстікте.
Дұрыс жауап: С
Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Жібек жолы қазақтың кең даласын басын өткен.
B) Асан білімін жалғастыру үшін Алматыға барды.
C) Түркістан – көне қала.
D) Марқакөл байлығының бірі - балық.
E) Қорықта көптеген орман, тоғайлар көп.
Дұрыс жауап: В