Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы



бет2/4
Дата21.09.2023
өлшемі59 Kb.
#109658
түріСабақ
1   2   3   4
Әл-Фараби
Философия
Әл Бируни
Астрономия
Махмұд Қашқари
Тіл ғылымы
Жүсіп Баласағұн
Әдебиет
Тарих Мұхамед Хайдар Дулати
Ж. №1 тапсырма: Оқушылар ортағасырлық ғалымдар туралы мәтінді жеке оқып, жұпта сұрақтар төңірегінде талдау жасайды. 1-жұп Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің ғылыми маңыздылығы туралы төменде берілген сұрақтар төңірегінде анықтап, талдау жасайды. • Неліктен Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі қазақ тарихының шежірелік құнды дерегі болып саналады? Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) – белгілі тарихшы. «Тарих-и Рашиди» — Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Ғалым, сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құндылығы — Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндаған. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы — Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы — Қасым хан, т. б. туралы құнды деректер бар. Тағы бір назар аударатын жәйт — автор белілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймай, дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидактикалық философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді.
Т. Жұпта әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғылымның жетістіктерін анықтау үшін оқушылар топта берілген ғылым салаларына сәйкес органайзер кестені толтырады.



Әл-Фараби 870 -950. Фараби Аристотельдің, әлКиндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлықсалалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика" мен "Софистикасына" түсініктемелер жазды. Фараби Аристотельдін философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", "Ізгі қала түрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялықтрактаттар", т. б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. http://kitaphana.kz/ka/ downloads/referatu-nakazakskom/231-kazakadebieti/2582-alfarabi.html

Ортасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет