Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Денелер бірқалыпты қозғала алады. Мысалға, жаяу адам сағат сайын 3 км-ден жүре алады; автокөлік сағатына 100 км-ден жүре алады; жүгіруші секундына 8 м-ден жүгіріп өте алады және т.с.с.
- Біз қарастырған жағдайларда қандай шамаларды байқадыңдар? (Арақашықтық, уақыт,жылдамдық)
Бүгінгі сабағымыздың мақсатын таныстыру:Қозғалысқа берілген есептерді шығаруды үйренсің
Өзектендіру.
1 тапсырма.Есептеуді орында, сонда елді мекендегі көлік қозғалысының шекті жылдамдығын білетін боласың.
Қала 158 269 · 4 – 633 016 =60 км/сағ
Ауыл 30 207 · 9 – 271 823 =40 км/сағ
Жол ( 450км:90км/сағ):5=1 сағ
Сен жолда жүру ережесін білесің бе?
2 тапсырма. 1 сағат ішінде автокөлік қандай арақашықтықты жүріп өтеді? 4 сағат ішінде ол қандай арақашықтықты жүріп өтеді?
Жауабы:а) 1 сағат ішінде автокөлік50 км жүріп өтеді;
ә) 4 сағат ішінде автокөлік 200км жүріп өтеді.
Есіңде сақта!
Жылдамдық – уақыт бірлігінде (мысалы, 1 сағатта, 1 минутта, 1 секундта) жүріп өткен арақашықтық.
Жылдамдық м/мин, км/сағ, м/сек және т.б. өлшенеді
t = s : v
Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлу керек.
|
S = v ∙ t
Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
|
v = s : t
Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек.
|
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату
|