№1 практикалық сабақ тақырыбы: «Педагогикалық технология» ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар; 1. «Қазіргі заманғы педагогикалық технология» пəнінің объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттерін саралаңыз.
2. «Технология» ұғымын түсіндіріңіз.
3. «Педагогикалық технология» ұғымына берген педагогғалымдардың түрлі пікірлерін сипаттаңыз.
4. «Педагогикалық технология» ұғымының мағынасын атаңыз.
Әдістемелік нұсқаулықтар;Дәріс материалдарын қарап түсіне отырып сұрақтарға жауап беру. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажетті материалдарды табу. 1-тапсырма бойынша Технология ұғымына байланысты (2дәріс) кестені толтыру. 2-тапсырма бойынша педагогикалық технологиялардың сипаттамасын жазып кестені толықтыру
Әдістері:ішінара ізденіс, талдау.
Бағалау критерийлері;
90-100
Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.
Әдебиеттер: Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –//Қазақстан мектебі, 2001, №2.
Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –Владивосток, 2000
Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2006.