Сабақ тақырыбы: Пейзаж. Пейзаж салу. Жұмысты таныстыру. Мектеп: №29 К. Тленшин атындағы жом



Дата06.01.2022
өлшемі274,25 Kb.
#13244
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment peyzazh.-peyzazh-salu.-zhmysty-tanystyru.


Оқу ісі орынбасары: ____________________

Сабақ тақырыбы:

Пейзаж. Пейзаж салу. Жұмысты таныстыру.

Мектеп:

29 К.Тленшин атындағы ЖОМ



Күні :




Мұғалімнің есімі: Х.Жолшибекова

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты

1.2.2.1Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану



Сабақтың міндеттері

Мұғалім үшін: қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдауды қалыптастыру.

Оқушылар үшін: идеясынегізігі ерекшелігі туралы жауап беру. Өзінің және достарының жұмыстарын талдай білуге үйрету. Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Нені білулері керек

Пейзаж дегеннің не екеннін біледі.

Нені үйренулері керек

Табиғи материалдарды дайындап жұмысқа пайдалануды.

Жұмысқа қажетті материалдар

Өнер туындыларының ішінен пейзажды таба алады.

Сабақты өткізуге қажетті материалдар, интернет ресурстар

Акварель және гуашь.

Оқулық 64-71 беттер.

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Біз бақытты баламыз

Ойнап күліп аламыз

Жетілсін деп санамыз

Оқып білім аламыз

Материалды түсіндіру

Пейзаж - табиғат көрінісі. Сен дала, өзен, тау немесе қала көшелерін бейнелесең , олар да пейзаж деп аталады.

Көктем бояулары

Қарындашты, дәптерді

Сақадай қып сайладым.

Суретін мен көктемнің

Салмақшы боп ойладым.

Мынау қоңыр - жер беті,

Мынау жасыл - шыбықтар,

Көгілдір - көк келбеті,

Ал мына сұр - бұлттар.

Қара бояу - тау мұным

Апа мұнда бір қара:

Бейне әжемнің жаулығы,

Жатыр ақ қар шыңда да.

Міне, нұрлы көктем бұл,

Өкінішім бірақ та:

Тұрмын енді мөп-мөлдір

Бояу таппай бұлаққа!...

Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс



  • Мына фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Осыған ұқсас жерлерінде болдың ба?

  • Бұл пейзаждар сен тұрған жерге ұқсайды ма?



Топтарға тапсырма

  1. Негізгі түстер туралы айт.

  2. Жылы түстерге мысал келтір.

  3. Суық түстерді пайдаланып сурет сал.

Сергіту сәті

1 минут

Аспанға қарап ай көрдім

Төменге қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім



Сабақтың қорытындысы

Суретшілер туындыларындағы пейзажбен танысыңдар. 66-67 беттерде.
Суретті бояңдар.


Өзің тұратын жер туралы айтып бер.

Ол жер саған несімен ұнайды?

Басқа жерлерден несімен ерекшеленеді?

Өзің болған жерлер туралы әңгімеле.

Олар несімен есіңде қалды.

Кері байланыс




Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет