Сабақтың жоспар – конспектісі
Жұмыс орнын ұйымдастыру - жұмыс орнын еңбек құралдарымен және заттарымен жарақтандыру және оларды белгілі бір тәртіппен орналастыру шараларының жүйесі. Оны ұтымды ұйымдастыру басы артық, қолайсыз немесе орындаулы қиын қимыл жасамай, күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып, өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау.
Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Негізгі жабдықтарға жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады.
Технологиялық жарақ – өлшеу‚ кесу аспаптарынан‚ көмекші және басқа аспаптардан құралады.
Ұйымдық жарақ бейімдемелерді‚ аспаптарды‚ көмекші материалдарды‚ қосалқы бөлшектер мен құжаттарды‚ дабыл мен байланыс‚ күтім жасау құралдарын‚ қоршау‚ қорғаныш және басқа құрылғыларды қамтиды. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, яки басы артық‚ қолайсыз немесе орындалуы қиын қимыл жасамай‚ күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып‚ өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты болып табылады. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыруда оны еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етудің‚ жұмыс орнына қызмет көрсету желісін жасаудың маңызы елеулі. Жұмыс орнындағы өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық факторлары‚ қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар кешенді түрде бағаланады.
Тігін өндірісінде қол жұмысында қолданылатын құрал - жабдықтар:
Қайшы - киім пішуге, бөліктерді қиюға, жіпті кесуге арналған құрал. Ол: үлкен, орташа, кіші қайшы, мата шетін өрнектеп кесетін қайшы, жіп қиятын, ұшы имек келген, торлау жұмысына пайдаланатын қайшылар болып бөлінеді. Сонымен қоса оның 8 нөмірі бар:
Достарыңызбен бөлісу: |