Орындалатын жұмыстар
|
Қайшы нөмірі
|
Сырт киімнің қалың маталарын қию
|
1
|
Жүнді мата және жартылай жүнді маталарды қию
|
2
|
Орташа қалыңдықтағы маталарды қию
|
3
|
Қалың көйлекке арналған маталарды қию
|
4
|
Мақта маталар мен жібек маталарды қию
|
5
|
Бөліктегі тігістерді түзету
|
6,7
|
Дайын киімдердің жіптерін қию
|
8
|
2. Оймақ иненің саусаққа кіруінен сақтайды және матаға инені шаншып кіргізуге қажет. Оны оң қолдың ортаңғы саусағына киеді және саусақтың өлшеміне қарай таңдайды. Сонымен қатар, оймақ саусақтың жуан-жіңішкелігіне, оң қолдағы ортаңғы саусаққа байланысты өлшеніп алынады.Оймақ кең болса, не тар болған жағдайда жұмысқа ыңғайсыз келеді. Оймақ саусаққа дәл болуы керек, тұтас кигізбелі түбі бар және тірегіш түбі жоқ оймақтар болады. Әйелдердің көйлектері мен балалардың және әйелдердің кеудешелерін қолмен тіккенде түбі бар оймақтарды қолданылады, костюмдерді тіккенде тірегіш түбі жоқ оймақтарды пайдаланады. Оймақтардың 8, 10, 12 нөмірлері ер адамдарға арналған, ал 3, 4, 5 нөмірлері әйелдерге арналған.
Қол инелері - № 1-12 аралықтарда болады. Иненің нөмірі өскен сайын жуан және ұзын болып келеді.
Инеге қойылатын талаптар:
Ұшты
Түзу
Жылтыр
Достарыңызбен бөлісу: |