Сабақ тақырыбы Пән: «Материалды көркемдеп өңдеу шеберлігі» Модуль атауы: «Киім тігу технологиясының негізгі түсініктері. Матамен жұмыс»



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#107862
түріСабақ
  1   2   3   4

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 3


Тігіншінің жұмыс орнын ұйымдастыру
(сабақ тақырыбы)
Пән: «Материалды көркемдеп өңдеу шеберлігі»
Модуль атауы: «Киім тігу технологиясының негізгі түсініктері. Матамен жұмыс»
Дайындаған:

Оқытушы: Рахимбердиева Гаухар Нурахановна



«___» ________________ 2019 ж

Сабақ жоспары

Курс:

4

Топ:

4 ДЗ 16-1

Сабақ нөмірі

3

Мамандық -біліктілік:

0402000-Дизайн (бейіні бойынша)
040201 3-3-Киім дизайны

Пән атауы:

«Материалды көркемдеп өңдеу шеберлігі»

Модуль атауы:

Киім тігу технологиясының негізгі түсініктері. Матамен жұмыс

Сабақ тақырыбы:

Тігіншінің жұмыс орнын ұйымдастыру

Күні:

04.09.2019 жыл

Ұзақтығы:

2 сағат
(90 мин)

Өткізу орны:

257 аудитория



Сабақ мақсаты:

Білім алушыларға тігіншінің жұмыс орнын ұйымдастыру туралы түсінік беру. Білім алушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным – түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу. Білім алушыларды талдау жасауға және киім стилінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Сабақ міндеттері:



Білім алушылардың ойлау қабілетін, ой өрісін, ынтасын, тақырып бойынша алған білімдерін, дағдыларын әрі қарай терең дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету. Құрал-жабдықтарын дұрыс қолдану.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:

  1. Топпен белсенді, нәтижелі жұмыс жасауды үйрену.

  2. Құрал-жабдықтарын дұрыс пайдалану.

  3. Студенттердің тақырып бойынша алған білімдерін, дағдыларын әрі қарай терең дамыту.

Сабақ түрі:

Тәжірибелік сабақ

Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық технологиялар:



Ауызша, көрнекілік, мәселелі-ізденіс, студенттердің дербес жұмыс әдісі



Қажетті құрал- жабдықтар:

Буклет, суреттер



Қосымша дереккөздер (литература):



Ұсынылатын әдебиеттер:
Б.М. Уалиев, А.М. Мукаева, А.Б. Алишери, А.С. Туребекова «Костюм дизайны» Тараз, 2013ж.
Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева. «Тігін өндірісінің технологиясы» Астана, 2008ж.
Л. Қуатбекова, Ү. Келесова «Тігін бұйымдарының технологиясы», Астана, 2010ж.

Оқытушы туралы ақпарат:

А.Ә.Т.:
Рахимбердиева Гаухар Нурахановна

Тел.: 8 771 233 44 55
E-mail: gn_dizayner@mail.ru



САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ

Сабақ барысы

Уақыт
(минут)

Оқытушының
іс-әрекеті

Білім алушының
іс- әрекеттері

Оқыту ресурстары мен материалдары

1.Ұйымдастыру кезеңі



5 мин.

Сәлемдесу; студенттерді түгелдеу; ынталандыру (мотивация); дайындықтарын тексеру;сабаққа назарларын аудару;

Сәлемдеседі;
назарларын сабаққа аударады;
оқытушыны мұқият тыңдайды




2.Өткен тақырыпты жалпылама қайталау немесе үй тапсырмасын сұрау

10 мин.

Киімнің түсінің әсері және сән түрлері туралы мағлұмат беру

1. Өткен тақырып бойынша оқытушының сұрақтарына жауап береді.
2. Өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жеке жауап береді.

Тақта, буклет

3.Жаңа материалды меңгеруге студенттерді дайындау



3 мин.

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін, сабақ соңында күтілетін нәтижені айтады, жаңа материалды игерудің практикалық маңызын түсіндіреді, жаңа сабаққа студенттердің назарын сұрақтар қою арқылы аударып, қызықтырады

Мұқият тыңдайды, қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Жинақтар

4.Жаңа материалды хабарлау
(түсіндіру)



55 мин.

Тігіншінің жұмыс орнын ұйымдастыру

Студенттер жаңа материалды мұқият тыңдайды, конспектілейді. Жаңа терминдерді сөздік дәптерлеріне жазып алады.

Конспект, альбом

5. Алған білімді бекіту

10 мин.

Орындалған жұмысының ұқыпты болып шығуына баса назар аударамыз.

Студенттер қойылған сұрақтарға жауап береді

тест

6.Қорытынды шығару

4 мин.

1. Сабақ бойынша қорытынды жасап, студенттердің сұрақтарына жауап береді;
2. Студенттердің жауаптарын бағалайды.

  1. Оқытушыға сұрақтар қояды




Ауызша сұрақ-жауап

7.Үй тапсырмасын беру

3 мин

Әдебиеттен мәлімет қосымша қарастыру. Қол және машина тігістерінің үлгілеріне альбом арнап келу

Үй тапсырмасын жазады.



Дәптер, қаламсап



Бағалау парағы



ТЕКСЕРУ ТҮРІ


ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ/
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Ауызша сұрау

Есеп шығару

Презентация жасау және қорғау

тест

Бақылау сұрақтары

глосарий







Оқыту нәтижесі: тест




1. Қол жұмыстарына қолданылатын термин түрін анықтаңыз.
A) Бастыра тігу.
B) Қадау.
C) Әдіптеу.
D) Қайып тігу.
E) Жөрмеу.

2. Тек қана бұйымды әшекейлеуге арналған сызықтарды анықтаңыз.


A) Декоративтік сызық.
B) Контур сызығы.
C) Фасондық сызық.
D) Конструкциялық сызық.
E) Технологиялық сызық.

3. Екіге бөлінбейтін өлшемдерді анықтаңыз.


A) ЖКа (1)
B) Жұ
C) ЖКа (2)
D) ЖБа
E) ЖМа

4. Сәнді көйлектер тігуге арналған маталар түрін көрсетіңіз.


A) Кашемир.
B) Фланель.
C) Атлас.
D) Драп.
E) Бостон.

5. Қазақ әйелдерінің бас киімі - кимешек тігуге арналған мата түрін анықтаңыз.


A) Техникалық мата.
B) Мақта матасы.
C) Капрон мата.
D) Жүн матасы
E) Синтетикалық мата

6. Түймелікті өңдеу үшін қолданылатын тігіс түрін анықтаңыз.


A) Жөрмеу.
B) Жымыру.
C) Көмкеру.
D) Сыру.
E) Шет.

7. Табиғи талшықтарды анықтаңыз.


A) Зығыр, мақта.
B) Жүн, вискоз.
C) Жібек, капрон.
D) Нейлон, зығыр.
E) Мақта, капрон.

8. Жүн маталарын ылғалды жылумен өңдеу түрі.


A) t 60-200˚С, дымқыл дәкемен.
B) t 100-150˚С, сулап үтіктеу.
C) t 40-50˚С, әрлеп үтіктеу.
D) t 20-40˚С, теріс жағынан үтіктеу.
E) t 150-160˚С, құрғақ дәкемен.

9. Киімге қойылатын экономикалық талапты анықтаңыз.


A) Өлшем дәл болу.
B) Сапалы, бағасы арзан болу.
C) Әдемі, сәнді болуы.
D) Арзан, жеңіл болуы.
E) Сапалы, қысқа болуы.

10. “Модельдеу” сөзі қандай ұғымды білдіретінін көрсетіңіз.


A) Сызықтарын түсіру.
B) Тігіп даярлау.
C) Сәндеу.
D) Сызбасын салу.
E) Үлгілеу.


11. Қатырма қағаз бетіне инемен немесе бізбен тесіктер тесіп, ине-жіпті тесіктерден өткізу арқылы өрнектелетін өнерді белгілеңіз.
A) Тоқу.
B) Шым ши.
C) Жіппен бейнелеу.
D) Кестелеу.
E) Икебана.

12. Қызыл фонға үйлесетін түстерді анықтаңыз.


A) Күлгін.
B) Күрең.
C) Ақ.
D) Қызыл.
E) Қоңыр.

13. Үтікпен немесе баспалаумен арнайы үтіктегіш үстелдерде, тақтайларда жүргізілетін өңдеудің түрін анықтаңыз.


A) Дәкемен өңдеу.
B) Айыра үтіктеу.
C) Дикотирлеу.
D) Ылғалды-жылумен өңдеу.
E) Булап өңдеу.

14. Матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесті анықтаңыз.


A) Тігім.
B) Ине шаншым.
C) Жіп.
D) Мата.
E) Тігіс.

15. Алжапқыш тігу үшін қолданылатын матаны анықтаңыз.


A) Шыт.
B) Жібек.
C) Мақта.
D) Жүн.
E) Капрон.

16. Пішілген бөлшектегі сызықтарды екінші жағына аудару үшін қандай қол тігісі қолданылады:


A) Көктеу.
B) Торлау.
C) Бүгіп көктеу.
D) Жөрмеу.
E) Жапсырып тігу.

17. Екіге бөлінетін өлшемдерді анықтаңыз.


A) Бұ.
B) Ие.
C) ЖМа.
D) АрБұ.
E) Жұ.

18. Талшық құрамына байланысты мата түрлерін көрсетіңіз.


A) Арнайы.
B) Сәндік.
C) Көйлектік.
D) Жүн, жібек.
E) Техникалық.

19. Мықын сызығынан айналдыра өлшенетін өлшемді анықтаңыз.


A) Жартылай мойын айналымы.
B) Арқаның белге дейінгі ұзындығы.
C) Жартылай бел айналымы.
D) Жартылай бөксе айналымы.
E) Кеуде ұзындығы.

20. Пайдалануына қарай киім түрлерін анықтаңыз.


A) Формалық, сәндік, спорттық.
B) Өндірістік, сәндік.
C) Тұрмыстық, спорттық, ұлттық.
D) Күнделікті, ұлттық.
E) Тұрмыстық, өндірістік, формалық.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет