Сабақ тақырыбы Рационал сандарды көбейту



бет8/94
Дата29.12.2023
өлшемі13,26 Mb.
#144562
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Білім жаңғырту. Сөйлемді аяқтаңыз:
1. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - ******сан. Ж: теріс сан.
2. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді - *****сан болады. Ж: оң сан.
3. Теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді - *****сан болады.Ж: теріс сан.
4. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - ******сан. Ж: оң сан.
Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»



6 сынып оқулығы. 1-бөлім.



Сабақтың ортасы

Жаңа материал түсіндіру. Мұғалім қысқаша түрде рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін мысалдармен көрсетіп кетеді.
Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді тиімді ықшамдауға болады.

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосудың терімділік қасиеті.
Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Көбейтудің терімділік қасиеті.
Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады. Қосудың және көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік заңдарын математикалық тілде жазыңдар.
a + b = b + a; a ∙ b = b ∙ a
Мысалы:
0,7 + 1,2 = 1,2 + 0,7 = 1,9
-0,3∙ 0,4 = 0,4 ∙ (-0,3) = - 0,12
a + (b + c) = (a + b) + c;
-0,7 + 1,2 + (-0,3)= (-0,7+(-0,3))+1,2=0,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет