Сабақ тақырыбы: Сабақты жоспарлау, оның әдіс-тәсілдері Тобы: мк-405 Күні



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі35,37 Kb.
#13575
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақты қорытындылауға арналған идеялар. Сабақтың соңында бүкіл сынып орындайтын жұмыстың мақсаты оқу бойынша қорытынды жүргізу, оқуды біріктіру, келесі деңгеймен байланыстыру жəне олардың қалай оқитынын белгілеу.


Сыныптан шығу билеті

Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.

Жұмбақ сөздер

Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушыны таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.

Ыстық орындық

Өтілген тақырыпты қорытындылау үшін оған қатысты қандай-да бір ұғымды, формуланы, фигураны, т.с.с. (мысалы, пирамида) сомдайтын оқушыны таңдаңыз. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты жауап беруі керек.

Миыңның суретін сал

Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Тізбектен не түсіп қалған?

Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды сұраңыз. Мысалы, жанама – ? (түзу)

Бір минут

Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

5-5-1

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Хабарлама

Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.

Əріптестер

Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.

Байланысқан оқу

Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесі оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет