Пәні: Мектептегі жаңартылған білім мазмұны (факультатив)
Сабақ тақырыбы: Сабақты жоспарлау, оның әдіс-тәсілдері
Тобы: МК-405
Күні: 16.05.2020ж.
Практикалық сабақ Қарастырылатын мәселелер: Қазіргі сабақты сәтті, табысты және тиімді етудің және білім алушыларға оқу ортасын құрудың жолдарын қарастыру.
1-тапсырма. Математика пәні бойынша ҚМЖ құрыңыз және оның ішінен мыналарды көрсетіңіз (астын сызып, бояп т.б. түрде белгілеуге болады).
Болашақ мұғалімге сабақ жоспарлауға әдістемелік көмек үшін Төменде сабағыңызға қосуға болатын бірқатар ойлар ұсынылған. Алайда бұл тізім ұсынымдық сипатта, сондықтан оны осы бағыттағы жұмысты əрі қарай жалғастыруға жəне дамытуға негіз ретінде санаған дұрыс.
Ширату жаттығуларының мақсаты – сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу.
Артығыналыптаста
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
Бұлжауабыболса,ондасұраққандайболады?
Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз.
Суреттер:Неболды?
Оқушыларға сурет көрсетіңіз. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет.
Сөздітап
Карточкада сөздер беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып, онда жазылған суретті сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді. Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған бала көрсеткен суретті табуы керек.
Бинго
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады. Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
20сұрақ–иə-жоқдегенжауап
Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы, оқушы бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, ал сыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигура екенін табуы керек.
Айырмашылығынеде?
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
Құпиязат
Оқушыларға затты көрсетіңіз, мысалы бұрыш салынған құты. Олардан оның не екенін жəне сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз (сабақтың тақырыбы «Бұрыштар» болуы мүмкін).
Қазынаіздеужолында
Сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырыңыз.
Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті жəне қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрауыңызға болады.
… қатысты10сөздіатаңыз
Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды сұраңыз.
Сəлемдемежіберіңіз
Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар əуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.