Сабақ тақырыбы Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу



Дата07.01.2023
өлшемі312,62 Kb.
#60556
түріСабақ
Байланысты:
КМЖ Курс защ Замира




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.4А Пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Еламанова Замира Тилектесовна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.34берілген санның пайызын табу;


Сабақ мақсаттары

Барлығы: пайыз туралы ұғымды білу, пайызды ондық , жай бөлщектерге айналдыра алу;
Көпшілігі: Санның пайызын табу алгоритмін есеп шығаруда қолдана алу;
Кейбірі:. пайызды табу алгоритмін түрлендіріп қолдану және /немесе ЕББҚ : пайыз туралы ұғымды білу

Бағалау критерийлері

-санның пайызын таба алады;



Ойлау дағдысының деңгейі

Білу,түсіну, қолдану;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Сыныпты түгендеу.
«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы ынтымастық қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру.«Көршіңді тексер» әдісі арқылы ұйымдастырылады.
Мақсаты:өз бетінше тапсырманы тексере алу.
«Қане, тауып көр!» әдісі арқылы 2-топқа бөлеміз.
Топқа бөлу бірдей пайызға сәйкес фигуралар арқылы жүзеге асады
(фигуралардың неше пайызы боялған)








Үй тапсырмасын өзара дәптерлерімен алмастырып, тексереді.Дұрыс жауаптарымен салыстырады.



Мадақтау
«Өткен тақырыпты толық меңгердің!
Жарайсың!»
«Тақырыпты қайтала»

Көрнекіліктер



Сабақтың ортасы
32минут

Сергіту сәті 3минут



«А,В,С» әдісі
Мақсаты:өткен тақырыпта алған білімді еске түсіріу.
А-сұрақ қояды.
В-жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Жұптық жұмыс.
Кестені толтырыңдар.
Мақсаты:берілген санның пайызын есептеуге дағдылау.




9

300

89

246

1%













50%













25%













75%













10%













20%













100%













Дескриптор:
-Берілген пайыздар бойынша сандарды таба алады;
Жеке жұмыс
«Бір-біріңге жетіп ал» әдісі арқылы ұйымдастырылады.
Мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Тапсырма оқулықтан беріледі.
836.
1) 6кг-ның 8%-ы 2) 16кг-ның 40%-ы
3) 75л-дың 300%-ы 4) 0,25-тың 0,8%-ы
5) 900тг-ның 1,25%-ы 6) 75м-дың 33,5%-ы неге тең?
Дескриптор:
-пайызды жай бөлшекке және ондық бөлшекке айналдырады;
-санға көбейтеді.
838. 1)140-тың 60%-ы немесе 60-тың 40%-ы; 2) 70-тың 80%-ы немесе 80-ның 60%-ы қайсысы үлкен болатынын анықтаңдар.
Дескриптор:
-пайызды жай бөлшекке және ондық бөлшекке айналдырады;
-санға көбейтеді;
-мәндерін салыстырады.


Топтық жұмыс
«Жәрмеңке» әдісі қолданылады.
Мақсаты: күнделікті өмірде қолдануды үйрету және есептеу;
1-топқа тапсырма:Себетің бағасы 8500 тг. Егер себеттің бағасы 30% - ке арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?
2-топқа тапсырма:Алма бағында бір күнде 4880 кг алма жиналды. Оның 25% жәрмеңкеге сатуға жіберді, Жәрмеңкеге неше кг алма жіберілді?
Дескриптор: білім алушы
- пайызды ондық бөлшекке айналдырады;
-санның пайызын есептейді;
https://youtu.be/Xn6Q73aB5XM?list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX
Физкультминутка.Сергіту сәті орындалады.

Бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беріп, дұрыс немесе бұрыс екендігін айтып отырады.
ЕББҚ оқушылары : Пайызды жай бөлшекке айналдыра алады.

Жұптық жұмыста алдын ала басылып шығарылған парақтарды оқушыларға жұпта орындауға ұсынылады. Тапсырма межеленген уақытта аяқталған соң, тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі.


ЕББҚ оқушылары : кестедегі берілген пайыздарды ондық бөлшекке айналдыруды орындайды.

836.


1) 6* 8%=6*0,08=0,48
2) 16кг* 40%=16*0,4=6,4
3) 75л*300%=75*0,3=225
4) 0,25-тың 0,8%-ы
5) 900тг*1,25%=900*5/4=11,25
6) 75м* 33,5%=75*0,335=25,125
838. 1)140* 60%=140*60/100=140*0,6=84
60*40%=60*40/100=60*0,4=24
84>24
2) 70* 80%=70*80/100=70*0.8=56
80*60%=80*60/100=80*0,6=48
56>48
Оқулықтан тапсырмаларды оқушылар тақтаға шығып орындайды.Қалған оқушылар орындарында отырып орындап,тақтадағы есеппен салыстырады, қателіктерін түзетеді.
ЕББҚ оқушылары :пайызды жай бөлшекке айналдырып,санға көбейтуды орындайды.(мұғалім бағыт бағдар беріп отырады),сандарды салыстыра алады.
Екі топ жәрмеңкеде сататын заттарын берілген тапсырма бойынша есептеп бір-бірілерімен саудаласады.Дұрыс шығарылған есеп және жауабына өзара стейкерлер арқылы бағалайды.
ЕББҚ оқушылары: пайыздың өмірде қолдану қажеттілігін түсінеді

Мұғалім оқушылардың дұрыс орындалған тапсырмалары үшін


Пайызын беріп,отырады.Сабақ соңында жинаған пайыздарын жай бөлшек және ондық бөлшекке айналдырып бағалайды.
100%-10(Өте жақсы)
90%-9(Жарайсың!)
80%-8(Жақсы)
70%-7(Жақсы)
60%-6(Жақсы)
50%-5(Талпын)

Таратпа материалдар


Математика .Жалпы білім беретін мектептің 5сыныбына арналған оқулық.Әбілқасымова ,Т.Кучер,З.Жұмағұлова Алматы,Мектеп 2017ж

% -бен жазыл5ан стейкерлер


Қосымша 1,қосымша 2
тапсырмалар
Таратпа материалдар


https://youtu.be/Xn6Q73aB5XM?list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Сабақтың соңы
7минут

Сабақты қорытындылау.
1.Пайыз деп нені айтады?
2.Пайызды бөлшекпен, бөлшекті пайызбен қалай өрнектейді?
3.Берілген санның пайызы қалай табылады?
Үй тапсырмасы №839


Кері байланыс








Қосымша
Себеттің арзандатылған бағасын есептеу. Тапсырма 1.


Тапсырма сипатамасы
* Мазмұн аймағы: құны,саны
* Құзыреттілік саласы: түсіндіру, есептеу
* Контекст: жеке
* Қиындық деңгейі: орташа
* Жауап форматы:кеңейтілген жауабымен есептеп түсіндіріп жазу
* Бағалау объектісі: нақты есептеулер, график салу;
Қосымша
Жәрмеңкеге жіберілген алма массасын есептеу. Тапсырма 2
* Мазмұн аймағы: саны,массасы
* Құзыреттілік саласы: түсіндіру, есептеу
* Контекст: жеке
* Қиындық деңгейі: орташа
* Жауап форматы:кеңейтілген жауабымен есептеп түсіндіріп жазу
* Бағалау объектісі: нақты есептеулер.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет