Сабақ тақырыбы Серпімділік күші дегеніміз не? оқу мақсаттары



бет1/2
Дата23.06.2022
өлшемі321,8 Kb.
#37232
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
жаратылыстану




5-бөлім: Табиғат физикасы. Күш пен қозғалыс

Мектеп: С.ҚОНДЫБАЙ АТЫНДАҒЫ #22 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫ

Күні: 01.03.2022

Мұғалімнің аты-жөні : Телегусова Гулнара

Сынып: 3 «Б»

Барлық оқушы саны:26
Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Серпімділік күші дегеніміз не?

оқу мақсаттары

3.5.1.1 Cерпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

сабақ мақсаттары

Серпімділік күші туралы түсінік қалыптастыру.
Тәжірибе жасау барысында қорытындылар жасауға төселдіру.

бағалау критерилері

Серпімділік күші білінетін заттарды анықтайды



тілдік мақсаттар



Күш, серпімділік күші, дене, менің ойымша .., т.б.

құндылықтарды дарыту

өмір бойы білім алу

пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану,қазақ тілі

алдыңғы білім



2-сыныпта «Күшті қалай өлшейміз?» тақырыбында күш туралы ұғымды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

(Ұ)Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын
1 тапсырма
(Ж;МК)«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы
Заттардың пішіні қандай болады?
Тапсырманың мақсаты: оқушылардың тақырыпты үйренуге қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау.
Бірнеше денені көрсету,атау (ермексаз, доп, серіппе, сызғыш).

Сұрақ:
Денелерге күш әсер еткенде өзгеріске ұшырай ма?
Қайсысы пішінін өзгертеді
Қорытынды жасау үшін әңгімелесу. Пішінін өзгертетін денелер серпімсіз денелер, күш әсерінен кейін бастапқы пішініне қайта оралатын денелер серпімді денелер деп аталады. Мысал келтіру.
Дескриптор:

  • практикалық тапсырма жасау арқылы(резина, доп, серіппе, ермексаз) серпімді денелер мен серпімсіз денелерді ажырата алады;

жинақ

суреттер




Сабақ ортасы


1.Cерпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
2. 3.Серпімділік күшінің қандай жағдайларда байқалатынын түсінеді
(Т)« Мен зерттеушімін» әдісі.
Топтарға доп, резинадан жасалған ойыншықтар таратылып беріледі. Эксперименттер жасау арқылы серпімділік күшін анықтау.
Тапсырма:

  1. допты сығымдап, қайта босат.

  2. Не байқадың?

  • Допты қатты қысып, босатқанда не болды?

  • Рәзінкеден жасалған ойыншықты алдымен қысып, одан кейін босатқанда өз қалпына келе ме?

  • Қалай ойлайсыңдар денелер неліктен өз қалпына келді?

Топ өз жауабын ортада шығып айтады.
Дескриптор:
- эксперимет жасайды;
- оның қорытындысын айтады;
(Ұ) Проблемалық сұрақ.

  • Серпімділік күші дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

Мұғалім серіппені қолмен тартып, одан кейін оны бос жібергенде, оның қайтадан бастапқы қалпына келетінін көрсетеді.



  • Не байқадық?

  • Серіппеде қандай өзгеріс болды?

  • Бірінші тәжірибемен қандай ұқсастық пен айырмашылықты байқадық?

-Ендеше, бұл күшті біз серпімділік күші дейміз.
Бейнеролик көрсету.
Анықтама:Дене пішінімен өлшемдерінің өзгеруін «деформация» дейміз (латынша деформация – өзгеру).
Күш – бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз (мысалы қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, судің жүзушіге қарсы әрекетін айтуымызға болады)
Серпімділік күші – дене пішінін бастапқы қалпына келтіруге көмектесетін күш.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет