Дәлелдеу: АВ – α жазықтығына перпендикуляр, АС – көлбеу және с – жазықтықтағы көлбеудің С табаны арқылы өтетін түзу болсын. АВ түзуіне параллель етіп САІ түзуін жүргіземіз. Ол α жазықтығына перпендикуляр болады. АВ және АІС түзулері арқылы β жазықтығын жүргіземіз. с түзуі САІ түзуіне перпендикуляр. Егер ол СВ түзуіне перпендикуляр болса, ол β жазықтығына, демек, АС түзуіне де перпендикуляр болады.
Осылайша, егер с түзуі СА көлбеуіне перпендикуляр болса, онда ол САІ түзуіне перпендикуляр болып шығатындықтан, β жазықтығына да, ендеше, көлбеудің ВС проекциясына да перпендикуляр болады.Т-ма д-ді.
|