Жұптық жұмыс
№1. АВС тең қабырғалы үшбұрышының төбелерінен Д нүктесіне дейінгі қашықтық 5 см. Егер АВ = 8 см болса, онда Д нүктесінен АВС үшбұрышы жатқан жазықтыққа дейінгі қашықтықты табыңдар.
№2. АД кесіндісі АВС тең бүйірлі үшбұрышының жазықтығына перпендикуляр. АВ = АС = 5 cм, ВC = 6 AД = 12 см екені белгілі. АД кесіндісінің ұштарынан ВС түзуіне дейінгі ара қашықтықты табыңдар.
№3. Тік бұрышты АВС үшбұрышының С тік бұрышының төбесі арқылы гипотенузадан 1 м қашықтықта оған параллель жазықтық жүргізілген. Катететтердің осы жазықтыққа проекциялары 3 м және 5 м-ге тең. Гипотенузаны табыңдар.
№4. Ромбының бір қабырғасы арқылы оған қарсы жатқан қабырғадан 4 м қашықтықта жазықтық жүргізілген. Диагональдардың осы жазықтықтағы проекциялары 8 м және 2 м-ге тең. Қабырғалардың проекцияларын табыңдар.
№5. Ұзындығы 1 м кесінді жазықтықты қиып өтеді, оның ұштары жазықтықтан 0,5 м және 0,3 м қашықтықта жатыр. Кесіндінің жазықтықтағы проекциясының ұзындығын табыңдар.
Бағалау: Қатар отырған жұптар бірін-бірі тексереді.
|