Жазықтықтағы нүкте мен түзудің арасындағы арақашықтығы ұғымын қайталаңыз. Суретті қолдана отырып кеңістіктегі нүкте мен түзудің арақашықтығын қалай табуға болатынын талқылаңыздар.
Кеңістікте нүкте мен түзудің арақашықтығының анықтамасын енгізіңіз.
Кеңістіктенүкте мен түзудің арақашықтығы деп берілген нүктеден берілген түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығы аталады. A нүктесінен l түзуіне дейінгі арақашықты табу үшін берілген нүктеден AH перпендикулярын түсіреміз. Бұл перпендикуляр төбесі A нүктесі болатын, ал оған қарсы жатқан BCқабырғасы l түзуінде жататын, үшбұрыштың биіктігі болады. Осы үшбұрыштың қабырғалары белгілі болса, яғни AB=BC=b, BC=a, онда оның биіктігін табуға болады.