Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
Т/А. 5.5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; қазақ тілінің дыбыстар жүйесін біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,өз ойын білдіреді; антоним,синонимдерді ажыратып қолдана біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді; антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана біледі.
Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы жүзеге асады. Топқа бөлу: Түстер арқылы жүргізіледі 4 топқа бөлемін.
Үй тапсырмасын сұрау: Сергіту түрінде жүреді. 2-тапсырма. Амандасудың түрлерін қандай жағдайда қолдануға болатындығын рөлге кіріп көрсетіңдер:
а) ерлер арасындағы амандасу;
ә) әйелдер арасындағы амандасу;
б) қыздар мен ұлдардың амандасу салты;
в) үлкен мен кішінің арасындағы амандасу әдебі