Сабақ Тақырыбы: Сұхбаттасу мәдениеті Мектеп: №16 мектеп Күні: 12. 09


- тапсырма «Пікірлер сызығы» әдісімен төмендегі пікірді сілтеме етіп алып, пікірталасқа түсіңдер



бет2/4
Дата07.07.2023
өлшемі145,27 Kb.
#104088
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5 кл сухбаттасу маден

3- тапсырма «Пікірлер сызығы» әдісімен төмендегі пікірді сілтеме етіп алып, пікірталасқа түсіңдер.
«Өзі туралы ғана айтатын адам тек өзі туралы ғана ойлайды. «Ал өзі туралы ғана ойлайтын адам – қанша оқыған адам болса да, мәдениетсіз адаммен тең», – дейді Колумбия университетінің президенті Николас Мэррей Батлер.»
ДЕСКРИПТОР – 1. Пікір бойынша өз көзқарасын дәлелдей алады.
4- тапсырма
А. «Жүгірме диктант» Мына қоштасу сөздерді белгілі бір әлеуметтік ортада (бастық-бағынышты, үлкен-кіші, ер-әйел) қолданылатынын дәлелдейтін сөйлемдер құраңдар.
1. Ал жақсы, әзірше, әзірге. 2. Көріскенше! Көріскеше күн жақсы! 3. Сәт сапар! Сапарыңыз сәтті болсын! 4. Аман барып, сау қайтыңыз! 5.Қош, қош-қош, қайыр қош. 6. Ақ жол, амандық болсын! 7. Жол болсын!
ДЕСКРИПТОР – 1. Қоштасу сөздерді орынды қолданып сөйлемдер құрай алады.
В. «Топтастыру» әдісі арқылы тілек сөздерді сөйлеу жағдаятына қарай топтап жазыңдар.
Сөйлеу жағдаяттарының түрлері:

  1. Топ мектепке барғанда

  2. Топ Дастарқан басында

  3. Топ Туған күнде

  4. Топ Жолға шыққанда

Абыройлы бол! Мерейің үстем болсын! Асың дәмді болсын! Еңбегің жемісті болсын! Ер жет! Қолың дерт көрмесін! Дастарқан жақсылыққа жайылсын! Сапарың сәтті болсын! Қазаның оттан түспесін! Қадамың құтты болсын! Қадамыңа гүл бітсін! Жолың ашық болсын! Өмір жасың ұзақ болсын! Аман барып, сау қайтыңыз! Тілегіңе жет! Ата-анаңның көз қуанышы бол! Жол азабынан сақтасын! Көріскенше күн жақсы! Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын!
ДЕСКРИПТОР – 1. Тілек сөздерді сөйлеу жағдаятына қарай топтап жаза алады.
С. «Дербес пікір» жазу тәсілін қолданып, төмендегі тыйым сөздердің неге қатысты екенін дәлелдеп жазыңдар.
Көп сөйлеме. Сөйлеп тұрғанда есінеме. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама. Даусыңды тым бәсеңдетпе, тым екпіндеп те кетпе.
1. Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.
2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлемнен тұру керек.
6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет