Пәні
|
Қазақ әдебиеті
|
Топ:
|
1курс
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Назбиева Б.К.
|
Оқулық
|
Қазақ әдебиеті Р.Зайкенова, Р.Сакенова,Л.Н.Нұрланова
|
Сабақ тақырыбы
|
Сұлтанәлі Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
|
Оқыту нәтижелері
|
Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.
|
Бағалау критерийлері
|
Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды
|
|
І Ұйымдастыру.
ІІ Үй жұмысы пысықталады.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Әдебиет теориясынан ақпарат беріліп, еске түсіріледі.
Әдебиеттің тектері:
Эпос – өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр.
Лирика – суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер.
Драма – шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін жанр.
Әдеби жанрлар
Эпикалық жанрға жататын шығармалар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, аңыздар, эпопея, роман, хикаят (повесть), әңгіме, очерк, новелла, т.б.
Лирикалық жанрға жататын шығармалар: арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, т.б.
Драмалық жанрға жататын шығармалар. трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса, т.б.
Комедия (гр. κωμωδία - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б
Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
|
|
|
Жазушы Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» атты екі бөлімді комедиясы – қазіргі кезеңдегі осындай келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Комедияның барлық кейіпкерлері қазіргі кезеңдегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-құлық дағдылары жинақталған сипаттарымен көрсетілген.
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасын оқып, мазмұнымен танысады.Сюжетімен танысқан соң, композициялық жоспарын құрады.
Жоспар.
1.Басталуы. Шағын перрон.Мэлис,Асай Мүсеевич, Қошқарбай тобы.
2.Байланысы.Көркемөнерпаздардың қошеметі.
3.Дамуы. Топтың бір-бірін қолпаштауы.
4.Шиеленісуі. «Қазақстан» пойызының тоқтауы.Билетсіз жолаушы.
5. Шарықтау шегі. Жолсерік әйелдің өктемдігі.Саудагер әйел.
6. Шешімі.Даурыққан, бөспе топтың перронға келуі.
Тапсырма.
1.«Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасының жанрын анықтаңдар.
А) Комедия В) Мелодрама С) Трагикомедия Д) Трагедия
2. Анықтама әдебиеттің қай тегіне сәйкес екенін көрсетіңдер. Шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін сөз өнерінің тегі.
А) Эпос В) Повесть С) Драма Д) Комедия
3. «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасы неше бөлімнен тұратынын анықта.
А) 1 бөлім В) 4 бөлім С) 5 бөлім Д) 2 бөлім
Анықтамаларды сәйкестендіріңдер.
1. Суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер.
|
Мюзикл
|
2. Өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарманың бір түрі.
|
трагикомедия
|
3.Эстрадалық,хореграфиялық,драмалық, опералық т.б. сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық қойылым.
|
Комедия
|
4.Драмалық шығарманың бір түрі, онда трагедияға да, комедияға тән сипат өзгешеліктер кездеседі.
|
Лирика
|
Үйге: Шығарманы толықтай оқу
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |