Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Сабақтың жабдығы Сабақтың мақсаты



Дата10.12.2022
өлшемі47,51 Kb.
#56251
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 14 апта


ҚМЖ



Қазақ тілі

Күні:
Сынып:4 Мұғалімнің аты-жөні: Журтбаева.А

Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты:

Сабақ мақсаттары

1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын молайту; 3. Зейінділікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық
атмосферасы

Бүгінгі сабақта біз бақыт туралы айтамыз. Бірауыздан көңілді айтайық: Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз, Бақыт – біздің достарға сенгеніміз. Бақыт – таңнан біреумен достасуың, Бақыт – кеште достармен қоштасуың.



Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.
.



Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты -...... жүру -..........
таяз -.......... кию -............
жылы -........ кіру -...........
кең -.......... сөйлеу -.........
● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;
● тасымалданбайтын сөзді табу.

Мағынаны тану


Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

Ой толғаныс

Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
Жақсы, жаман - синоним сөздер
Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.
ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Кең, таза кеңістік




Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет