Сабақ тақырыбы Табиғат тағдыры адам тағдыры Сабақ мақсаттары



бет1/4
Дата07.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#80215
түріСабақ
  1   2   3   4

САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән

Сынып сағаты



Мұғалім

Бабашева Айгүл Абаевна

Мектеп, сынып

«№27 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 10-сынып

Сабақ тақырыбы

Табиғат тағдыры – адам тағдыры



Сабақ мақсаттары:

  • экологиялық мәселелердің туындауын және оның адамзатқа тигізер кері әсерін ұғындыру

  • қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; 

  • шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру 



Тілдік мақсаттар

Pollution- ластану, solution -шешім, recycle- қайта өңдеу, Global warming- ғаламдық жылыну, re-use- қайта қолдану

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; 

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, география

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz, Twig-bilim.kz, ноутбук, проектор






Сабақтағы жоспарланған мұғалімнің іс-әрекет



Оқушылардың жасайтын
іс-әрекет



Ресурстар

І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлеметсіздер ме, оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға дайынсыздар ма? Тәрбие сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Shopping» ойынын ойнайық.
Ойын барысында барлығымыз өз бойымыздағы «жағымсыз» қасиеттерімізден арылып, бойымызға «жағымды» қасиеттерді жинаймыз.
2.Топқа біріктіру. Кеспе қағаздар арқылы 3 топқа бірігеді.
І топқа «Суға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
ІІ топқа «Ауаға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
ІІІ топқа «Топыраққа» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.

І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар сәлемдеседі.
Шаттық шеңберінде тұрып, өз бойындағы бір «жағымсыз» қасиетін сатып, өзіне жанында тұрған досының бойындағы жақсы бір қасиетін сатып алады. (Мысалы, Аділет: мен өз бойымдағы «ашуланшақ» қасиетімді сатып, жанымда тұрған Аружанның «сабырлық» қасиетін сатып аламын.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет