6.Мәтінмен жұмыс https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip Көрсетілген сілтемедегі № 5 кезеңіндегі қоқысты сұрыптау туралы мәліметпен танысып, №6 кезеңіндегі 2-жаттығуды орындайды 7.Қорытындылау кезеңі « 9 гауһар» әдісі Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды күшейту керек.
Табиғатты таза ұстауды әркім өзінен бастау керек.
Табиғи жолмен тез ыдырайтын заттарды пайдалану керек
Қоқыстарды қайта өңдеу керек
Суды үнемдеу керек.
Жанармаймен жүретін көліктердің орнына, велосипедпен не жаяу жүру керек.
Жарықты пайдаланып болған соң өшіріп жүру керек
Баламалы энергия көздерін пайдалану керек
Топыраққа кері әсерін тигізетін химикаттарды қолданбау керек.
Мұғалім: Мінекей оқушылар, сабағымызда өз мәресіне жетіп қалды. Өздерің әр түрлі бейне роликтерді , табиғат туралы мәліметтерді оқып, қоршаған ортамызды қорғауды өзімізден бастау керектіген түсіндіңіздер деп ойлаймын. Өйткені табиғат тағдыры-адам тағдыры. Ендеше сабағымызды мына өлең шумағымен қорытындылайық.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбының табиғат туралы және оның ластануы туралы екендігін айтып,әр топ өз ойларымен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді. 4.Twig-bilim.kz –тен бейне ролик көрсетіледі. Әр топ бейне роликтерді көріп болған соң, аталмыш мәселелердің шешу жолдарын «ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талқылап, ортақ шешімге келіп, көрсетілген мәселелердің шешу жолдарын постерге түсіріп, барлық сыныптастарына түсіндіріп береді.