І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлеметсіздер ме, оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға дайынсыздар ма? Тәрбие сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Shopping» ойынын ойнайық. Ойын барысында барлығымыз өз бойымыздағы «жағымсыз» қасиеттерімізден арылып, бойымызға «жағымды» қасиеттерді жинаймыз. 2.Топқа біріктіру. Кеспе қағаздар арқылы 3 топқа бірігеді. І топқа «Суға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады. ІІ топқа «Ауаға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады. ІІІ топқа «Топыраққа» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар сәлемдеседі. Шаттық шеңберінде тұрып, өз бойындағы бір «жағымсыз» қасиетін сатып, өзіне жанында тұрған досының бойындағы жақсы бір қасиетін сатып алады. (Мысалы, Аділет: мен өз бойымдағы «ашуланшақ» қасиетімді сатып, жанымда тұрған Аружанның «сабырлық» қасиетін сатып аламын.)