Сабақта құрметті қалыптастыру төмендегілерді қамтиды: өз уақытын дұрыс ұйымдастыру;
жұппен, топта, командада жұмыс істей білу, қоршаған адамдардың пікіріне құрмет көрсету және өзінің басқалардың алдындағы міндетін түсіну – мұның барлығы тұлғааралық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді;
қоршаған адамдардың мәселелерін көре білу және түсіну, әр тұлғаның пікірін ескеру және әр идеяны бағалау.
Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.