Сабақ тақырыбы Техникасы жеңіл тапсырмалар



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі50,03 Kb.
#122651
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың ортасы

(Ж, Т, ҚБ) «Тор арқылы жасалатын эстафета». Әр команда екі сап құрады, ол екі жақтағы алаңда бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Бірінші ойыншылар доп беру сызығында тұрады.
Мұғалімнің белгісі бойынша олар волейбол добын қолмен жоғарыдан тор арқылы беріп, өздері саптың соңына жүгіріп кетеді. Қарсы жақтағы команда да дәл осылай жасайды. Қателік жіберген команда допты қайта береді. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді. Оқушыларға ойын ережелерін өзгертуге қатысты ұсыныс жасаңыз.


(Ж, Т, ҚБ) «Допты шаршыға түсір». Қабырғадан 5 м қашықтықта бірнеше команда құрылады, қабырғадан 3 м қашықтықтағы жерде сандар жазылған шаршы сызылады.
Команданың ойыншылары алдын ала белгіленген әдіс бойынша допты соғып, оны шеңберге түсіруге тырысады (шаршыға түскен доп онда жазылған санға сәйкес ұпай береді), содан соң саптың соңына кетеді.
Допты келесі ойыншы алып, дәл сондай әрекет жасайды.
Шаршыда ең көп санға допты түсірген команда жеңіске жетеді.
Дескрипторы:
Спорттық ойындарда қозғалыс дағдыларын дамыту түсінігін біледі

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.



Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.
(С, Т) «Шеңбердегі доп». Командалар шектелген сызықтың алдында сап құрады. Әр саптың алдында бір-бірінен 3 м қашықтықта 3-4 шеңбер (обруч) жатады. Әр шеңберде волейбол добы бар. Белгі бойынша саптағы бағытталушылар бірінші шеңберге жүгіріп, допты алады, шеңберге тұрып, жоғарыдан допты береді (3-5 рет), допты қағып алап, орнына қояды да келесі шеңберге жүгіреді. Барлық шеңберге кіріп, допты жоғарыдан бергеннен кейін, ойыншылар өздерінің командаларына жүгіріп барып, эстафетаны келесі қатысушыға беріп, саптың соңына барып тұрады. Соңғы қатысушы өз командасына қайта келгеннен кейін, саптағы барлық қатысушылар колдарын көтеріп, эстафетаның аяқталғанын хабарлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет