Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар


Барлық ферменттік ақуыздардың синтезін реттеуді үш топқа бөлуге болады



бет19/41
Дата05.12.2023
өлшемі4,1 Mb.
#134496
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Барлық ферменттік ақуыздардың синтезін реттеуді үш топқа бөлуге болады:
1) репрессибилді, яғни ақуыздардың синтезін тежеу;
2) индуцибелді, ақуыз синтезінің жылдамдығын арттыру;
3) конституитивті немесе кейбір ақуыздар синтезінің жылдамдығының тұрақты болуы.
1. Ақуыздардың синтезін тежеу немесе репресибилді жүйелер кебінесе анаболизм реакцияларына қатысатын ферменттердің синтезінде қолданылады. Мұндай жүйелерде құрылымдық гендер (S – гендер) тұрақты жұмыс істеп тұрады. Реттеуші геннің қатысуымен активсіз белок - репрессор синтезделеді. Енді осы ақуыз - репрессорды активті күйге көшіру үшін корепрессор қажет. Корепресеордың қызметін кейбір кіші молекулалы заттар, реакция нәтижесінде түзілген немесе реакция аралық заттар, гормондар атқара алады.
2. Ақуыз синтезінің жылдамдығын арттыру немесе индуцибелді жүйелер.
Бұл жүйе түрінде реттеу катаболизм реакцияларына тән. Мұндай жүйелерде құрылымдық гендер сыртқы орта туғызған жағдайларға тәуелді, яғни клеткаға катаболизм реакцияларына қатысатын ферменттер қажет болғанда ғана жұмыс істейді.
Бұл жүйелерде реттеуші геннің қатысуымен синтезделетін ақуыз - репрессор активті болады да, ол оператор генімен комплекс түзеді. Сондықтан оператор гені құрылымдық гендердің жұмысын қамтамасыз етпейді. Бірақ активті белок - репрессордың сыртқы ортадағы клеткаға түскен төменгі молекулалызаттармен қосылыс түзіп активсіз күйге көшетін қасиеті бар.
Ол кезде оператор гені белок-репрессордан босап, құрылымдық гендердің жұмысы басталады, яғни и-РНҚ құрылымдық гендердегі сол клеткаға түскен заттардың катаболизмін қамтамасыз ететін ферменттердің бірінші реттік құрылысын жазып алады.
Ақуыз синтезінің осы индуцибелді жолмен реттелуі Е. colireжүргізілген тәжірибелер арқылы дәлелденген. Е. coli әдетте тек глюкозамен ғана қоректенеді. Ал егер осы ортаға лактозаны қоссақ, оны галактоза мен глюкозаға ыдырататын лактаза / β - галактоэидаза/ ферменті синтезделгенше, микроорганизмдердің өсуі біраз уақытқа тоқтайды. Клеткаға түскен лактоза /индуктор қызметін атқарады/ активті ақуыз репрессормен қосылып оператор генінің ақуыз - репрессормен қосылуына кедергі жасайды. Соның арқасында оператор гені мен құрылымдық гендер қажетті и-РНҚ түзілуіне, ал ол рибосомада лактозаны ыдыратуға қажет β -галактозидаза ферментінің синтезін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет