Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар



бет1/41
Дата05.12.2023
өлшемі4,1 Mb.
#134496
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология



1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Тірі жасуша – біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар
Мақсаты: Прокаритотты және эукариотты жасушалардың құрылыс, атқаратын қызметтерімен ерекшеліктерін анықтау
Қысқаша сипаттама: Жасушаның негізгі қызметі. 
Тірі жасуша күрделі - динамикалық өзгерістер өтіп тұратын жүйе. Онда зат алмасуы, жаңару, өсу, көбею сияқты өзгерістер болып тұрады. Жасушаның өмір сүру қабілетіне оның тітіркенгіштігі, қозғыштығы, өсуі, көбеюі кіреді. Жасушадағы зат алмасуы немесе қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін сыртқы ортадан өзіне керекті заттарды қабылдайды, сіңіреді, оларды қорытады, ал керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Қысқаша айтқанда жасушада ассимиляция және диссмиляция процессі үздікісіз жүріп тұрады. Жасушадағы зат алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты, оған белгілі бір ретпен өтетін көптеген химиялық реакция жатады. Бұл реакциялардың жеделдетушілері (катализаторлары) фермент болып саналады. Жасушаларда өтетін ферменттік реакциялардың жиынтығын "метоболизм", ал оның өнімдерін "метоболиттер" деп атайды. Жасушадағы барлық биохимиялық реакция орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады.
Жасушалардың тітіркенгіштігі мен қозғыштығы. Жасуша ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне тітіркенумен жауап береді. Тітіркену, қозу нәтижесінде жасушаларда, бүкіл денеде қимыл әрекеті пайда болады.
Прокариотты және эукариотты клеткаларының құрылысындағы ерешеліктері. Қазіргі кезде ғалымдардың еңбектері тұжырымдалып, жасушаның құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы, маңызы толық айқындалды.
Прокариоттар

Прокариоттар - Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1-10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы - олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар-нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы- онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы- мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет