Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар



бет5/41
Дата05.12.2023
өлшемі4,1 Mb.
#134496
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология

Аноболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясына нәтижесінде түзілген заттар, атап айтқанда аминқышқылдары, моносахаридтер, май қыщқылдары мен азотты негіздер және АТФ пен НАДФ*Н энергиясы жұмсалып әр түрлі макромолекула синтезделеді. Анаболизм-организмнің тіршілігін жойғанға дейін үздіксіз жүретін күрделі процесс. Биосинтез реакциясы өсіп келе жатқан жас жасушаларда қарқынды түрде жүреді. Алайда жасушалардың химиялық құрамы үнемі жаңарып отыратындықтан, ескірген жасушаларда да заттар ұдайы синтезделеді. Синтезделген нәруыз молекулалары белгілі бір уақыттан кейін ыдырап, оның орнын жаңа молекулалар басып отырады. Сондықтан жасуша қызметін химиялық құрамын тұрақты сақтайды. Бұл тұрақтылық катаболизм және анаболизм процестерінің бір-бірімен үнемі байланысты жүретіндігінен түсіндіріледі.
Катаболизм және анаболизм арасындағы энергия алмасу.Катаболизм реакциясы кезінде АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық энергия бөлінетіндігі белгілі.Бөлінген энергия анаболизм процесінде макромолекулаларды синтезделуге жұмсалады. Катаболизм және анаболизм процестері жасушада бір уақытта жүреді,алайда олардың жылдамдығы бір біріне тәуелсіз реттеледі.
Катаболизм мен анаболизм біріне-бірі қарама қарсы,бірақ өзара тығыз байланысқан бір процестің-тірі организмдерге зат және энергия алмасудың екі түрлі көрнісі.
Зат алмасудың сатылары. Зат алмасудың алғашқы сатысында-қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып, ыдырайды (катаболизм). Екінші сатысында-ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанған сіңіріліп, организмдегі жасушаларға таралады. Үшінші сатысы-аралық алмасу жасушаларда жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті жасушаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтезделеді (анаболизм). Сонымен қатар ыдырау және тотығу реакцияларының нәтижесінде аралық және соңғы өнімдер түзіледі. Төртінші сатысында - ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері -СО22О,NH3 және т.б заттар организмнен шығарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет